» » ШУЧЬЕ ҚАЛАСЫНДА ШАҢҒЫ ТРАМПЛИНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШУЧЬЕ ҚАЛАСЫНДА ШАҢҒЫ ТРАМПЛИНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Шучье қаласындағы шаңғы спорты республикалық базасының құрылысы жөнінде айтып берді.
«Бұл спортты дамытуға арналған әлемдік деңгейдегі ерекше орталық болады. Ол жерде республикалық спорт мектебі ашылады. 2018 жылдың екінші тоқсанында құрылыс аяқталады. Менің ойымша, мамыр-маусым айында нысанды пайдалануға береміз», – деді министр үкіметтің клуарында.
Министр трамплиннің құрылысына қатысты барлық ұсыныс қарастырылғанын жеткізді. «Бұл нысан халықаралық кластағы ірі мамандардың қатысуымен салынып жатыр және мұнда халықаралық қысқы спорт түрлеріне тікелей жауапты мамандар келді. Әрине, олардың ұсынысы мен шешіміне сәйкес салып жатырмыз. Халықаралық олимпиада комитетінің, халықаралық федерациялар комитетінің өкілдері құрылыс жоспарына жоғары баға берді», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
25 қаңтар 2018 ж. 1 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930