» » «СЕРПІН» ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ТАРАЗЫСЫ

«СЕРПІН» ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ТАРАЗЫСЫ

2014 жылдан бастап жүзеге асқан «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде елдегі белді бастамалардың бірі. Жоба – жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына берілген мүмкіндік. Жылдан жылға жобаға деген халықтың қызығушылығы да артып келеді. Бұл «Серпін-2050» жобасы қанатын кеңге жайды деген сөз. Қысқасы, бағдарлама – оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын алтын көпір десек те болады.

Жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі – экономика. Яки, респуб­лика­ның 9 өңірінде бала туу деңгейінің төмендеуі және өзге өңірге көшуі артуына байланысты маман тап­шы­лығы сезілуде. «Серпін-2050» жобасымен сол аймақтарға халық саны көп облыстан жастарды тарту, жергілікті оқу орындарында керекті мамандық бойынша оқытып, сонда жұмысқа қалдыру арқылы мәселенің түйінін тарқатуды көздейді. Екіншісі – әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған. Еліміздің 5 облысында бала туу қарқыны жоғары, соған сәйкес жергілікті тұрғындар саны да өсе түсуде. Жылдан-жылға аталған өңірлердегі мектеп бітірушілердің тұрғылықты жердегі оқу орындарына түсуі қиындап, мамандық алғаннан соң жастардың көпшілігі жұмыссыз қалады. «Серпінге» арнайы грант бөлінумен қатар, студенттерге әлеуметтік жәрдемдер де қарастырылған. Әсілінде, өздері оқыған өңірге қоныстанған жағдайда жұмысқа орналасуға толық мүмкіндік бар.
Бағдарлама бойынша былтыр 2050 арнайы грант бөлінген. Оның ішінде 19 педагогикалық мамандыққа, 7 жоғары оқу орны үшін 1050 грант, 23 колледжде білім алушылар үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант қарастырылған. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша грант иегері шәкіртақы, өңірге бір рет барып қайту жолақысы және жатақханамен, жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Ал, колледжге түскендерге 3 мезгіл тамақ және оқу киімі қарастырылған.
Қазіргі таңда еліміздегі ең соңғы технологиямен жабдықталған өндірістерде жоғары білімді мамандарға сұраныс 15 процентті құрайды екен. Қалған 85 процентіне орта техникалық білімі бар мамандар қажет. Ал, сол сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындауда. Мәселен, тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді салалар бар. Сондай-ақ, автомобиль зауыттары ашылып, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тәжігүл Әбенованың айтуынша, осындай мүмкіндікті қармақшылық жастар да пайдалануда. Былтырғы оқу жылында «Серпін» бағдарламасымен аудан бойынша 42 студент бітірген. Олар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттерінде, сондай-ақ, Павлодар бизнес, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледждерінде білім алғанын және «Серпіннің» сенімнен шыққанын айтады. Сол сынды бағын сынаған грант иегерінің бірі – Еркемай Қайратқызы. Ол бұл жобаның жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін алға тартады.
– Жинаған балымызға қарай оқу орнын таңдар кезде мектеп мұғалімдерінің көп көмегі тиді. Алматы, Қарағанды сынды үлкен қалаларды таңдағанымда, маған «Серпін» бағдарламасын ұсынып, басқа өңірде оқуыма жол көрсетті. Міне, бүгінде Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына грантқа түсіп, білім алып жатырмын. Бұл бағдарлама бізге берілген ыңғайлы бастама. Мәселен, сырттан келген студенттерді өз қамқорлығына алады. Ауылға қайтарда жолақымызды өтейді. Сондай-ақ, жатақханаға еш кедергісіз жатқызады. Бастысы оқу бітірген соң жұмысқа орналасуға ықпал етеді, – дейді ол.

Түйін.
Елдің әрбір өңірі гүлденіп, көркейсе, рухани, материалдық мәселесі шешілсе – қазаққа мұнан асқан бақыт бар ма? Сол үшін солтүстікке оңтүстіктегілерді тарту – мемлекеттік саясат қана емес, азаматтық борыш болмақ.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
14 ақпан 2019 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031