» » Астанада көпбалалы ана көмек алу үшін чат-ботқа жаза алады

Астанада көпбалалы ана көмек алу үшін чат-ботқа жаза алады

Астана әкімдігі Telegram-да чат-ботты іске қосты. Бұл арқылы көпбалалы аналар сауалнаманы толтырып, әкімдік өкілдерінен қандай көмекке мұқтаждығын жаза алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Чат-бот көпбалалы отбасылар қорын құру үшін жасалды. Біз көп балалы жанұяның есеп-қисабын жүргіземіз, бірақ барлығын есептемейміз. Себебі олардың арасында Астанада тіркелмегендері де бар, бірақ оларға көмек көрсетуіміз керек. Көбі білмейді, әкімдік мұқтаж отбасыларға көмір, киім-кешек, әлеуметтік азық-түлікпен көмектеседі. Егер сіз көпбалалы отбасы болсаңыз және әкімдікке келіп сауалнама толтыра алмасаңыз, бізге чат-ботқа жазсаңыз болады. Оны қолдану ыңғайлы және уақытыңызды үнемдейді", - деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметкері Эльвира Жүргенбаева. 
Telegram-дағы чат-бот @qoldaubot деп аталады. Бөлек бір бағанда аналар өз қиыншылықтарын жаза алады, олар  жұмыссыздық мәселесі, азық-түлік жетіспеушілігі, киім немесе көмір жоқтығы, балалардың балабақша немесе мектепке қабылданбауы сынды мәселелерді жазып жіберуге болады. "Түскен анкеталардың әрқайсына көмек жоспарын жасаймыз. Қолымызда бар ресурстарды ескере отырып көмектесеміз. CRM-жүйе арқылы ақпарттарды өңдейміз, одан кейін жұмыспен қамту қызметкері оларға хабарласады", - деді Эльвира Жүргенбаева. Чат-боттың көмегімен мемлекеттік жәрдемақылар туралы ақпаратпен танысып және оны алуға болады. 


14 ақпан 2019 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 219
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 775

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930