» » Осы жылы 19 815 адам әлеуметтік көмекпен қамтылады

Осы жылы 19 815 адам әлеуметтік көмекпен қамтылады

Осы жылы 19 815 адам әлеуметтік көмекпен қамтылады 2017 жылы 110 мың адам әлеуметтік көмекпен қамтылған.
Әлеуметтік қолдауға ие болғандардың 80 200-і – зейнеткерлер, 23 069-ы – мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 9 234-і – көпбалалы отбасылар, 4 316-сы – Алтын, Күміс алқа белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар, 3 515-сі – әлеуметтің әлжуаз топтарына жататын азаматтар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша әлеуметтік көмек зейнеткерлерге тегін қызметтер және төлемақылар түрінде көрсетілді.
«4 573 адам 9 мамыр қарсаңында жалпы сомасы 107 млн теңгені құрайтын бір реттік төлемақыларға ие болды. Азаматтарға тіс протездерін дайындау және жақсарту қызметтері көрсетіліп, қатты отынды сатып алуға арналған өтемақылар төленді. Қарттар күніне орай ақшалай төлемдермен 72 930 адам, санаторлы-курорттық еммен 3027 зейнеткер қамтылды. 2017 жылы ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген 1 536 азаматқа коммуналдық қызметтер үшін төленетін өтемақылар төленсе, 2 730 зейнеткер дәрі-дәрмекпен, 336 ҰОС-ның ардагері мен оларға теңестірілген азамат санаторлы-курорттық ем-доммен қамтылды», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Ал мүмкіндігі шектеулі 13 мыңнан астам адамға протезді-ортопедиялық көмек, тифлоқұралдар, сурдоқұралдар, міндетті гигиеналық құралдар, санаторлы-курорттық ем, «Инватаксимен» тасымалдау сынды оңалту қызметтері көрсетілді. 
Көпбалалы аналарға бірыңғай ақшалай төлемақылар берілді. Көмекпен 13 048 адам қамтылды. Астана қаласы әкімінің оқу гранты қаланың ЖОО-ның күндізгі бөлімінде оқитын 100 адамға бұйырды.
Қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында мәлімдегендей, материалдық тұрғыда аз қамтылған 1 335 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болған. 
Атаулы әлеуметтік көмек табысы отбасыға шаққандағы табыстың ресми белгіленген ең төмен деңгейінен де аз болатын 271 отбасыға (1379 адам) көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне  бөлінген қаржы 28 млн теңгені құрайды.
Шартты ақшалай көмек 46 (280 адам) отбасыға көрсетілді. Жәрдемақылардың жалпы мөлшері 13,2 млн теңгені құрайды.
18 жасқа толмаған балаларға берілетін жәрдемақыны 1 323 (4 004  адам) отбасы алды. Көрсетілген жәрдемақылардың жалпы сомасы – 57 млн теңге», - делінген таратылған ақпаратта. 
Айта кетейік, 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен 19 815 адам қамтылады деп жоспарлануда.

22 ақпан 2018 ж. 1 406 1

JeaCold от 8 наурыз 2019 11:07
Amoxicillin Mobile Al 36619 Need Prescription Glucovance canadian cialis Achat Cialis 5mg Generic Lasix Buy

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031