» » » Түркі мәдениетінің жауһары төгілген күн

Түркі мәдениетінің жауһары төгілген күн

qarmaqshy-tany.kz Сәрсенбіде Қызылордада түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық­музыкалық өнер фестивалі бастау алды. Дәстүрлі іс­-шараға Түркия, Тыва, Саха, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және Қазақстаннан 200-­ге жуық өнерпаз келді. Түркітілдес елдердің арасындағы мәдени байланысты нығайту, оның ішінде Тұран даласының ұлы тұлғасы Қорқыт ата өнерпаз келді. Түркітілдес елдердің арасындағы мәдени байланысты нығайту, оның ішінде Тұран даласының ұлы тұлғасы Қорқыт ата  мұраларын насихаттау бағытында дәстүрлі өнер фестивалі үш жылда бір рет өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орайластырылған. Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев фестивальге қатысушыларды құттықтады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде: «Біз Түркі әлемінің атажұрты ретінде өздеріңізбен жан-жақты қарымқатынасты дамытуға айрықша мән береміз. Сондықтан ықпалдастығымызды одан әрі нығайтуға және оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз» деген болатын. Осы мүдде жолында қасиетті Сыр топырағында дәстүрлі түрде өтетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалінің рөлі мен маңызын зор мақтанышпен айта аламыз, – деді аймақ басшысы.

Туысқан халықтардың фольк лорлық музыкасын дәріптеу, өзара мәдени байланысын нығайту мақ сатында өткізілетін фестиваль арқылы қатысушылар бір-бірінің кешеден бүгінге жеткен мәдени қазынасының сырына қанығып, рухани кеңістігін кеңейтеді. Фестиваль өткізілген жылдар ішінде Қорқыт баба мұралары Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы UNESCO-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Бұл – Қорқыттан қалған ұлы өнердің, Ұлы дала сазының мәңгілік өмірінің айқын дәлелі десек болады.
Келген қонақтар Қызылорда қаласының көрікті жерлерімен және облыстық тарихиөлкетану музейінің «Тұран таңбалары» этноархеологиялық көрмесімен танысып, жоғары және арнаулы оқу орындарында шеберлік дәрістерін өткізді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесін тамашалады. Онда түркі әлемінің бірлігі, теңдігі және бауырластығы идеясын, түркілер тарихы мен ортақ мәдени құндылықтарын айғақтайтын ғылыми еңбектер, тарихи-мәдени жаңалықтар жарияланған басылымдар назарға ұсынылды.
Мерекелік жиын облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Баймановтың және халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың құттықтау сөзімен ашылды.
– Биылғы өнер фестивалімен қатар «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы ның 30 жылдығы тойлануда. Түркі мә дениеті мен өнерін дамытуда, оның әсемдігі мен ғибратын әлемге танытуда «ТҮРКСОЙ»-дың еңбегі ерен, халықаралық ұйымның 30 жылдығы – барша түркі әлемі үшін маңызды оқиға. Қасиетті Сыр топырағының текті тұлғасы Т.Жүргеновтің 125 жылдығы халықаралық ұйымның аясында өткізілуі де – тарихи сабақтастықтың бір көрінісі, – деді Ш.Байманов.
Халықаралық ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау сөзінде түркі мәдениетінің түп қазығы қасиетті Сыр топырағы екенін атап өтті. Оның ішінде күллі түркі жұртына ортақ Қорқыт баба өмірге келген және мәңгілік тыныс тапқан өлке болғандықтан, сол дәуірлерден бергі тарихи һәм мәдени құндылықтар арамызды біріктіре түсетінін айтты.
Бейсенбіде фестиваль меймандары ауданымыздағы Қорқыт ата атындағы мемориалды кешенде болып ондағы Сыр өңірінің тарихымен танысты. Іс-шара аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің гала концертіне жалғасты. Салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек құттықтау сөз сөйледі. Фестивальге қатысушы ұжымдар мен өнерпаздарға арнайы дипломдар табыстады.
Мұнан соң түркі мәдениетінің жауһары төгілген концерт болды. Мерекелік кеште түркітілдес елдерден келген дәстүрлі өнер жұлдыздары көрерменді әсем ән, сазды әуенмен сүйсінтті. Халқымыздың ұлттық өнерін халықаралық деңгейде дәріптеп жүрген белгілі жыраулар Елмұра Жаңаберген, Ұлжан Байбосынова, «Жігер» этно тобы және Сыр еліндегі жыраулық мектептерінен Шиелі аудандық қобызшылар үйірмесі мен Қазалы аудандық Қорқыт музыка мектебінің жас жыршылары өнер көрсетті. Сондай-ақ, Қорқыт ата мұраларын әлемдік деңгейде насихаттаушы Раушан Оразбаева, Мақсат Мұхаммеджан сынды өнерпаздар Қорқыт баба күйлері мен жырларын көпшілікке тарту етті. Осылайша түбі бір туысқан елдердің өнерпаздары қармақшылық тұрғындарға ұлттық нақыштағы ән-жырларын паш етіп көрермен қошеметіне бөленді.
Халықаралық деңгейдегі мәні зор шаралар бабадан жеткен ортақ тарих пен мәдениетті терең зерделеуге зор мүмкіндік берері сөзсіз. Себебі шараға жиналған барлық өнерпаз өз шеберлігін, ұлттық мәйегін халыққа көрсете білді. Рухани кеш «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалінің гимнімен қорытындыланды.
А.Сағынтай
01 қазан 2023 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031