» » Сыр еліндегі тарихи қалашықтарда археологиялық қазба жұмысы жалғасуда

Сыр еліндегі тарихи қалашықтарда археологиялық қазба жұмысы жалғасуда

Елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында аймақ басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыста орындалу барысын баяндады, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
Облыс әкімі Рухани және қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруда мәдениеттің ықпалы зор екенін атап өтті.  
«Былтыр 28 қарашада Маврикий Республикасында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт Ата рухани мұралары ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енді. Бұл жұмыстарды төрт жыл бойы түркиялық, әзірбайжандық әріптестерімізбен бірге атқардық.Ұлы Қорқыт ата мұраларын жаһандық мәдени мұра тізіміне енгізу бастамасы, негізінен бізге тиесілі. Осы жұмыстар аясында біз биыл түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық өнер фестивалін бесінші рет өткіздік. Оған Түркия, Иран, Сербия, Саха, Татарстан, Әзірбайжан және басқа да елдерден белгілі ғалымдар қатысып, 200-ге жуық өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдар келді, – дейді аймақ басшысы.
Айта кетейік, ежелгі және ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Шірік-Рабат, Жент, Бәбіш-мола, Қышқала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Биыл Сығанақ қалашағындағы қазба жұмыстары кезінде «ежелгі қорымнан» ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы алтын бұйымдар (сырға, алқа, қапсырмалар, моншақтар, керамикалық қаптамалар) табылып, ғылыми зерттеуге жіберілді.
22 қараша 2019 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 140

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930