» » » Қызылордалық өнерпаздар түрік халқын тәнті етті

Қызылордалық өнерпаздар түрік халқын тәнті етті


ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйытқы болуымен Түркияда дәстүрлі өнер фестивалі шымылдық түрді. Айтулы шараға биыл түбі бір түркі елдері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркиядан дарынды өнерпаздар қатысып, Анадолы жеріндегі қауымға ұмытылмас кеш сыйлады. Дүбірлі фестивальде еліміздің атынан сахна төріне көтерілген Қызылорда облысының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі қазақтың дәстүрлі ән күйі мен жыраулық өнерін паш етіп, жиылған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына биыл – 25 жыл. Елбасымыздың бастамасымен 1993 жылы құрылған іргелі ұйым осы уақытқа дейін түркі әлемінің мәдени-рухани дүниесін жан-жақты насихаттап, бауырлас елдер арасында ынтымақтастықтың нығаюына өлшеусіз үлес қосып келеді. Биыл мерейлі мерекеге орай ТҮРКСОЙ ұйымы түркі елдерінің ең үздік өнер ұжымдарын Түркияға жиып, дүркіретіп концерт өткізді. Өнер фестивалі түркі әлемінің мәдени астанасы Кастамону қаласынан басталып, Болу, Ақсарай мен түрік елінің бас шаһары Анкарада жалғасты. Барған жерінде ән мен күйден шашу шашып, рухани азық сыйлаған Сыр елінің дарынды өнерпаздары жергілікті халықтың көңілін баурап, жан сарайын жадыратты. Бурхан Гөк, Болу қаласының тұрғыны: – Өнер ұжымын Болу қаламызда көргеніме өте қуаныштымын. Концерт жоғары деңгейде өтті, жерлестерімнің көңілінен шықты деп сеніммен айта аламын. Әсіресе, оркестр халық аспаптарында шебер ойнап, әсем әуезімен бізді баурап әкетті. Қазақтың халық әндерінде терең мағына бар. Құлақ құрышымыз қанғанша тыңдап, ерекше әсерленіп отырмыз. Айта кету керек, оркестр репертуарында тек халық әндері ғана емес, Қазақстан композиторларының үздік туындылары және әлемдік классиканың таңдамалы шығармалары бар. Сондықтан айтулы фестиваль аясында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен сахнада Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстанның әншілері де өнер көрсетті. Талғат Мақашов, Қызылорда облыстық филармонияның директоры: – Қызылорда облыстық филармонияның жанынан құрылған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі бұл өнер фестиваліне қазақ елінің, қала берді Сыр бойының және алыс-жақын елдердің композиторларының шығармаларымен келіп, түркітілдес елдердің өнер фестиваліне қатысып жатыр. Мұндағы халық бізді өте жылы қабылдады. Қошеметтерін көрсетіп, концертімізді жақсы тамашалады. Өнер фестивалінің гала концерті елдің бас қаласы – Анкарада ашық аспан аясында өтті. Кешке қатысқан Түркияның белгілі саясаткерлері, зиялы қауым мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сахнада жасындай жарқылдаған қазақстандық өнерпаздарының шеберлігіне тәнті болып, құрмет-қошемет білдірді. Ұйымдастырушылар келесі жылы бұл фестивальдің аясын кеңейтіп, дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

15 маусым 2018 ж. 1 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 120

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930