» » Биыл Түркияда Мағжан Жұмабаев жылы

Биыл Түркияда Мағжан Жұмабаев жылы

ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің өкілдері биыл Түркияның Кастамону шаһарында бас қосты. Онда «Кастамону – 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті.
ТҮРКСОЙ ұйымының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сəйкес, Түркияда қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойымен қатар, Әзірбайжан Республикасының атақты композиторы Кара Караев пен қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовты еске алу жылы деп жарияланған.
Шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз, Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркия қалаларындағы губернаторлар мен əкімдер, Түркі елдерінің өкілдері мен Мағжан Жұмабаев туған Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет қызметкерлері жəне қазақстандық ақын-жазушылар қатысты.
Туғанына 125 жыл толған айбынды ақынды бір минуттық үнсіздікпен еске алған түркі жұрты оның ғұмыры мен шығармаларынан сыр шертер бейнефильмді жəне Солтүстік Қазақстан облысы өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып, көптің құрметіне бөленді. Айта кетерлігі, Мағжан өлеңдері түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шыққан.
– Атаулы жыл аясында желтоқсан айына дейін көптеген іс-шара мен түрлі кездесу өткізілетін болады. Мағжан Жұмабаев жылына арналған арнайы бағдарламалар Кастамону қаласында ғана емес, Түркияға қарасты басқа қалаларда да ұйымдастырылады, – дейді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.
Естеріңізге сала кетсек, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің Түркістан қаласында өткен ХХХV Тұрақты Кеңесі оты­рысында түркі елдерінің 2018 жылғы мəдени астанасы деп Кастамону қаласы бекітілген болатын. Осы орайда, 50-ден аса іс-шараны өткізу жоспарланған. Мағжан Жұмабаевты еске алып, түркітілдес елдер арасында кеңінен насихаттауға арналған іс-шара 19 ақпанда Анкара қаласында жалғасады. Ал 21 наурызда «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді.
21 ақпан 2018 ж. 1 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031