» » » Қармақшы ауданына 95 жыл: «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі Қармақшы ауданында қорытындыланды

Қармақшы ауданына 95 жыл: «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі Қармақшы ауданында қорытындыланды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аспаны бауырлас елдердің сазды әуеніне бөленіп, «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің қорытынды кеші өтті. Биылғы жылы алтыншы рет ұйымдастырылып, дәстүрлі сипатқа ие болған халықаралық деңгейдегі шараға Түркия, Тыва, Саха, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және еліміздің 200-ге жуық өнерпаздары қатысты.

Дүниенің төрт бұрышын шарлап мәңгілік мекенін төл топырақтан тапқан Қорқыт бабамыздың ізін жалғаған Сыр сүлейлері мен жүз шайырды бесігінде тербеген киелі Қармақшы ауданында қорытындыланған кешке қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы: "Баба өнеріміз жырдың бесігіне айналған Қармақшы – талай дарындардың бас ұстаханасына айналған шайырлар мен сүлейлердің өлкесі. Абыз Қорқыттан бастау алатын жыраулық дәстүрдің мектебін қалыптастырған Шораяқтың Омары, Балқы Базар, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Сәрсенбай, Көшенейдей дүлдүлдер дүниеге келген жер. Қорқыт бабаның «Мәңгі өлмес өмірдің кілті – өнерде» деген тұжырымын бойына сіңірер ұрпақ барда өткеннің ұлағаты әлі талай ғасырларға ұласары сөзсіз. Ширек ғасырдан астам тарихы бар, бүгінде құрылғанына 30 жылдан асқан халықаралық «ТүрікСой» ұйымы басшысы Раев Сұлтан Әкімұлы мен түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестиваліне қатысушыларға алғысымды білдіре отырып, Жырдың елі Қармақшыға басқан қадамдарыңыз тағы да құтты болсын демекпін!
Ежелгі Тұран төсін жайлаған түбі бір Түркі халықтарының достығы мәңгі болсын!"-деп жылы лебізін білдіріп, фестивальге атсалысқан барша хас таланттарға аймақ басшысының марапаттарын табыстады.

Қорытынды кеште ұлт тұтастығын таңбалар тағылымға толы туындылар орындалып, түркітілдес туысқандар елінің дәстүрлі өнер жұлдыздары көрермендерге әсем ән сыйлап, тамаша күйге бөледі.

Айта кетейік, бүгін фестиваль қонақтары Қорқыт ата кешенінде болып, музейдегі құнды жәдігерлермен танысқан болатын.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 қыркүйек 2023 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 375
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930