» » «Оқуға құштар колледж» жобасы «Қасиетті Қармақшым»

«Оқуға құштар колледж» жобасы «Қасиетті Қармақшым»

qarmaqshy-tany.kz 25 қаңтар күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қасиетті Қармақшым» тақырыбында кітаптарға шолу жасалып, өлкетану кітап көрмесі студенттерге таныстырылды. Мақсаты: студенттерге өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, туған жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан жер, адамзат алғаш ғарышқа ұшқан Байқоңыр аймағы орналасқан Қармақшы барша Қазақстанның мақтан тұтар киелі мекені. Бұл өңірде аты аңызға айналған күй атасы Қорқыт баба, Базар жырау, «Рүстем-Дастан» эпосының авторы, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов, ақын Дүр Оңғар Дырқайұлы, Шораяқтың Омары дүниеге келген. Шара барысында киелі мекен Қармақшы топырағынан шыққан ақын-жазушылардың Әбзәли Егізбаев, Нәсірәддин Сералиев, Адам Мекебаев, Өтеген Күмісбаев, Қали Шыңғысов, Шәкизада Әбдікәрімовтің шығармалары білім алушыларға ұсынылды.
25 қаңтар 2023 ж. 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 050
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031