» » «Оқуға құштар колледж» жобасы

«Оқуға құштар колледж» жобасы

qarmaqshy-tany.kz 2023 жылдың 10 қаңтар күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледж кітапханасында ақын Зейнолла Шүкіровтің шығармашылығына арналған «Теңіз тектес тектілік» тақырыбында әдеби оқу өткізілді. Шараның мақсаты өз халқын жан-тәнімен сүйген, асқақ рухты ақын Зейнолланың азаматтық бейнесін, шығармашылығын насихаттау. Студенттер ақынның өмір жолымен танысып, «Абайға арнау», «Арал теңізі», «Жаралы солдат монологы» өлеңдерінен үзінді оқыды. Ақынның кітапхана қорындағы «Сағыныш», «Тоғысқан тағдырлар», «Бір жұлдыз болып жанам мен», «Қиын түйін» кітаптары мен «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша шыққан 3 томдық шығармалары білім алушыларға ұсынылды. «Қазақтың Островскийі» атанған Зейнолла ақынның жырлары мен шығармалары халқымен бірге мәңгі жасай береді. Іс-шара Зейнолла ақынның сөзіне жазылған , әні Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнімен аяқталды.

10 қаңтар 2023 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930