Сырда туған сырбаз ақын
ІІІ- Интернационал онлайн орталығының кітапханашысы «Кітапхана ісінің үздігі » төсбелгісінің иегері Рима Тұрманова « Рухани жаңғыру» тұғырнамасы және республикалық «Бір ел-бір кітап-2019 » атты акция аясында аудандық кітапхананың «COWORKING» орталығында «Сырда туған сырбаз ақын» атты әдеби- сазды подиум өткізді. Мақсаты: Ә.Тәжібаевтың ананың ақ сүтін ақтауға, мейірімділікке, Отан сүйгіштікке, адал сезім махаббатты, дарынды жерлес ақынымыздың өрісті ой, өшпес көркем мұраларын насихаттау. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосып, қазақ әдебиетін биікке көтерген Әбділда Тәжібаевтың шығармалары 2019 жылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылды. Ақынның өмір жолы мен шығармалары, сын зерттеу, естеліктері көпшілікке жақсы танымал деуге болады. Әдеби сазды подиум төмендегі бағдарлама бойынша өрбіді.
Ә.Тәжібаевтың жауһар жырларын оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау, ақынның «Нартай» поэмасын оқу, «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасынан көрініс қою, «Осы кім?» атты әзіл-сықақғын оқу. Кітапхана оқырмандары Ә.Тәжібаевтың жауһар жырларын мәнерлеп жатқа оқыды Тоқтарбекова Гүлжамила «Сырдария», Игембергенов Ринад«Шабыт», Жөнкеева Назерке «Жалшылар міне жеңді енді»,Мұхамедиярова Несібелі«Ана», Махамбетжанқызы Нұрай «Ұрпақ», Орынбаева Назерке «Жас қазақ»,Садықова Минюра «Біз осындай ұрпақпыз»,Латифов Омар «Кел жылдарым», «Алыстан хат», Асылбекқызы Дильназ «Уақыт», Камилов Нұрдаулет «Арман», Оразалы Аяулым «Алатау», Жүсіпова Меруерт «Ұмытпа ,сәулем, сен оны».Әдеби сазды подиум жайлы пікірлерін аудан әкімінің кеңесшісі Д.Нәзікбаев, аудандық маслихаттың депутаты Г.Раева, салауаттылық кабинеттің меңгерушісі Ү. Тұрмағанбетова білдірді. Бұл іс-шараның ерекшелігі онлайн режимінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың әдіскері С.Оспанова және Мәдениет онлайн орталығының үйлестірушісі Г.Ділдабековалар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Әдеби сазды подиумды кітапхана директоры қортындылап, қатынасушыларға Алғыс хатпен естелік сыйлықтар табыс етті. Қатынасушылар ІІІ Интернационалдық жастардың талантына, өнеріне тәнті болып тарасты. Ә.Тәжібаевтың «Сырдария»әні аспан әлемінде қалқыды.