"Бір ел-бір кітап" атты акция
Біздің жерлесіміз Қызылордалық ақын атамыз Әбділда Тәжібаев - ХХғасырдағы қазақ әдебиетінің ең үлкен ақындарының бірі. Шығармашылық жолын 20-сыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан кейінгі уақыттардың барлығында қазақ халқының өмір шындығын белсене жырлап, поэзия, драматургия, әдеби-сын жанрларында көптеген еңбектер жазды. 2019 жыл республика көлемінде дәстүрлі өтетін "Бір ел-бір кітап" атты акция аясында оқылатын үздік шығармалар осы Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері таңдап алынды. Осыған орай Тұрмағамбет ауылдық модельді кітапханасында "Ойым менің-ішімдегі теңізім" атты кітапхана оқырмандарымен әдеби батл өткізілді. Кітапханашы Құндызай Далдабаева ақынға арналған "Әбділда -сыршыл ақын" атты көрмеге шолу жасап, әдеби батлдың ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін екіге бөлінген команда кезек-кезек жалғастырып оқып шығу керегін түсіндірді. Әдеби батлды аудандық Әбділда оқуларының 40 өлеңін жаттап жүлдегер атанған Жаппарова Еңлік "Ең қауіпті, ең қатерлі жауымыз" атты өлеңінен бастады. Қатысушыларға бұл батл еркін отырып, еркін жыр оқу түрімен ұнады. Сондай-ақ Нағыметова Аружан өзі ақын атасына жазған арнау өлеңін де жүректен шыққан өлеңім деп мәнерлеп оқып берді. Байданов Нұрсұлтан, Жарылқаған Азамат ақынның "Сырдария "әнін орындады. Кешті клуб қызметкері Амантаева Алтынай қорытындылап, белсене қатысушыларды "Алғыс хатпен" марапаттады.