» » СЫРДА ТУҒАН СЫРБАЗ АҚЫН

СЫРДА ТУҒАН СЫРБАЗ АҚЫН

ІІІ Интернационал онлайн орталығының кітапханашысы, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Рима Тұрманова «Рухани жаңғыру» тұғырнамасы және республикалық «Бір ел – бір кітап – 2019» атты акция аясында аудандық кітапхананың «COWORKING» орталығында «Сырда туған сырбаз ақын» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Қазақ әдебиетінде ойып алар орны бар ақынның өмір жолы мен шығармалары, сыни зерттеу, естеліктері көп­шілікке жақсы таныс деуге болады. Ә.Тәжібаевтың шығармалары биыл респу­бликалық акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсы­нылды. Әдеби сазды кеште оның жауһар жырлары оқылды.  Ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды, «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасынан көрініс қо­йылды. Кешке қатысқан аудан әкімінің кеңесшісі Д.Нәзікбаев, аудандық маслихат депутаты К.Раева, саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің меңгерушісі Ү.Тұрмағанбетова тағы­лым­ды іс-шара жайлы жақсы пікір білдірді. Бұл шараның ерекшелігі – онлайн режимде өтуі. Оған Ә.Тәжібаев атындағы об­лыстық кітапхананың әдіс­кері С.Оспанова және Мәдениет онлайн орталығының үйлестірушісі Г.Ділдабековалар да қатысып, ойларын ортаға салды. Әдеби сазды подиумды кітапхана директоры қорытындылап, қатынасушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Көрермендер интернационалдық жас­тардың талантына, өнеріне тәнті болды. «Сырдария» әнін барлығы қоса шырқап, көңілді тарқасты.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
13 маусым 2019 ж. 1 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031