ӨЛЕҢІМ-ӨМІР АЙНАСЫ

Ақынға оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, ақынның әңгімелерін тамашалап тыңдаған оқырмандар ерекше әсерде болды.
Рухани кеште ақынның өлеңдері оқылып,күйлер тартылып,әндері орындалды.
Кешке қатысқан жанұясымен оқитын оқырман,зейнеткер Д.Төлегенов,бірге жүрген досы әрі әріптесі М.Теңгебаева ақын жайлы өз пікірлерін білдірсе, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұхтаров ақынға шығармашылық табыс тілеп,жастарға ақ батасын берді.
Шара барысында кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып,ақын туралы бір үзік сыр шертер бейне ролик көрсетілді.
Шара соңында кешке белсене қатысқан оқырмандарға ауыл әкімінің арнайы Алғыс хаты табыс етіліп,ақынға кітапхана атынан сый-сияпат тарту етілді.