» » «Назым сөздің шебері»

«Назым сөздің шебері»

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің кітапханасында Сыр сүлейі, есімі алты Алашқа мәлім халық ақыны, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына орай еске алу кеші өткізілді. Шараның мақсаты талантты сөз зергері, дүлдүл ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау, студенттердің белсенділіктерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Ақынның өмірі мен шығармашылығын Ашт-22/9 оқу тобының студентері Алпысбаев Нұрасыл мен Жәнібеков Ерқанат таныстырды. «Сырда туған –Абай» деп Манап Көкенов жырлағандай ақынның «Адамдық іс», «Шәкірттерге», «Қайтсең де өз халқына қызмет қыл», «Ақыл-тон аңдағанда тозбайтұғын» өлеңдерін жатқа айтты. Қазақ әдебиетінің алтын қорындағы «Шахнама» дастанынанТг-21/9 оқу тобының студенті Сламбекова Зарина, Тг-22/9 оқу тобының студенті Өмірзақ Фариза мен Ашт-22/9 оқу тобының студенті Тәбішев Нұрсұлтан үзінділер оқыды. Қармақшы аудандық жыраулар үйінің оқушысы Мейрамбекұлы Нұриддин ақын Тұрмағамбеттің «Тәлім», «Аға деген ініні» термелерін нақышына келтіре орындады. Колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге ақынның «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Фолиант» баспасынан 2009 жылы жарық көрген 2 томдық және «Жазушы» баспасынан шыққан 4 томдық шығармалар жинақтары , «Бес ғасыр жырлайды» (1985 ж), «Қасиетті Қармақшым» (2003 ж), Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия (2005ж) кітаптары қойылды. Сыр бойы ақын, шайырларына тән дәстүрлі ақындық мектебінің ірі өкілі Тұрмағамбеттің өлең , жыр, толғаулары,мысалдары, шығармалары қазіргі және келешек ұрпақты нұрландыра береді.
21 қазан 2022 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 885
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930