» » «Білім кілті - кітапхана»

«Білім кілті - кітапхана»

qarmaqshy-tany.kz 18 қазан күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері мен колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева Қармақшы аудандық орталық кітапханаға саяхат жасады. Колледж кітапханасы орталық кітапханамен байланыс жасау, саяхат жасау-студенттерді кең көлемде әдебиеттермен қамтамасыз етуде,рухани азық алуына көмектеседі. Шараның мақсаты білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.Студенттер Қармақшы аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде, «Coworkinq» орталығында ,Абай залында болып,жаңадан келіп түскен әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар оқу залында дамытушылық ойындар ойнауға, аудиокітаптар тыңдауға, кітаптардың ұсыныс тізімін қарауға болатын мүмкіндіктер бар.
Аудандық орталық кітапхана мен колледждің оқу-әдістемелік, көркем әдебиеттермен таныстыруы және әртүрлі ауқымды іс-шаралардың өткізілуіне бірлесе жұмыс жасайды. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 2022 жылғы ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған кітап көрмелері арқылы өздерін қызықтыратын кітаптарын, көркем шығармаларын алып оқыды.
18 қазан 2022 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031