» » ОҚЫРМАНДАР ӨНЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

ОҚЫРМАНДАР ӨНЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

Таяуда Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектепте «Болашаққа кітаппен» тақырында аймақтық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – оқырмандарға кітаптар қорындағы ақын жазушылар мен ғұламалардың шығармаларының туындыларының маңыздылығын ұғындыру, семинар барысындағы жұмыстар арқылы кітаптардың рухани қазына екенін жеткізу.
Шара барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ләззат Есханова, №50 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Мария Әділова, № 30 мектептің кітапхана меңгерушісі Мира Берманова, Байқоңыр қаласындағы мектеп кітапхана меңгерушілері қонақ ретінде қатысса, №80 мектеп-гимназия, №279, №99, №85 орта мектептердің кітапхана меңгерушілері өз жұмыстарын көрсетті. 
Семинарда мектеп директоры  Фарида Аманова шараның мән-маңызына тоқталып өтті. 
– Кітап – рухани қазына. Сондықтан ол қай уақытта болмасын өз құндылығын жойған емес, жоймайды да. Бүгінгі шара оқырман мен кітапхана арасындағы алтын көпір байланысты нығайту. Оқырмандар ортаға өз өнерлерін салып жатыр. «100 кітап» бағыты аясында да ауқымды шаралар ұйымдастырылмақ, – деді Ф.Аманова.
Мектеп оқушысы Ұлжан Сапарғалиева Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін оқыды. Сондай-ақ, Гүлнам Мұратбаева, Бота Болатбекова, Нұрай Өзбекбаева, Айда Амидуллаева, Ғалым Шадыров, Балнұр Абжанова тәрізді белсенді шәкірттер өз өнерлерін ортаға салып, көрермен көзайымына айналды. 
26 наурыз 2018 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031