» » КІТАП ПЕН ОҚЫРМАН АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

КІТАП ПЕН ОҚЫРМАН АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Жуырда, Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектебінің кітапханасында қаладағы қазақ мектептері бірлесе отырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, кітаптың рухани құндылық, теңдессіз байлық екенін, кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір екенін, жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы кітапхана екенін дәлелдеу, соған оқырмандардың көзін жеткізу мақсатында, аудандық білім бөлімінің әдіскері Лаззат Есханованың бастамасымен аймақтық семинар өткізілді.

«Кітапхана – кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір» атты семинардағы әр мектептің өткізген жұмыстарынан, кітапханаға оқырмандарды тартудың жаңаша түрлерін пайдалана отырып, құндылықты бағалауға, жауапкершілікке, адамгершілікке, білімділікке баулудағы үлкен тәрбиелік мәнін сезіндік.
Семинарда: .Байқоңыр қаласындағы №273 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі- Тұрғанбаева Гүлсім «Ғаламтор және кітап» пікір-сайысын қызықты қылып өткізсе,№274 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі-Акишева Хадиша  ұсынған «Жаңа кітап – жаңа ой» библиофреші көпшіліктің кітапқа деген  қызығушылығын арттырды.№272 орта мектебінің  кітапхана меңгерушісі-Нұрова Патшагүл ұйымдастырған поэтикалық марафондаақиық ақын – Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқушылар іліп әкетіп оқығандағы әсерден шыға алмай отырған көпшілікті, №275 орта мектебініңкітапханашы – Мақпал Махамбетованың «Таныс болыңыздар, жас толқын» флешбук арқылы  мектеп қабырғасындағы 11 сынып оқушысы Әнесова Айгүлзардың фантастика жанрындағы « В побеге от реальности» кітабының тұсауын кесуі дүр сілкінтті.
Ал, №277 орта мектеп кітапхана меңгерушісі – Жаримбетова Зарипаның кітап пен оқырманды табыстырудың тағы бір жолы ретінде «Буккроссинг» (кітап алмасу) жаңа жобасын таныстыруы оқырмандарға өзгеше қозғалыс, ерекше ынта бергендей болды.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Лаззат Есханова әр  жұмысқа тоқталып, қорытындылап, «өте жақсы» деген баға беріп, аудандық білім бөлімінің марапат қағаздарын тапсырды.
Өз мамандықтарының майталманы кітапханашыларға және Лаззат Есханова апайға әрдайым шаршамай ізденіс үстінде болып,еңбектерініздің жемісін теріп, жаңалық жаршылары болып жүре беріңіздер дей отырып, көктем мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін.

Құрмашева Жұлдыз,
№277 орта мектеп 11 сынып оқушысы.
09 наурыз 2018 ж. 2 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031