» » «Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса»

«Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса»

qarmaqshy-tany.kz 17 қаңтар күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында білім алушылардың қатысуымен «Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Шараның алғашқы сөзін колледж директоры Б.Сайдулла ашып, ең алдымен жастарымыз білімді, кемел міңезді, ойы, сөзі, ісі бір, бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болу үшін кітапты көп оқу керек екенін және «Оқуға құштар колледж» жобасы алдағы уақытта жастарымыздың кітап оқуға деген құштарлығын арттырып, білім саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Шара барысында «Кітап оқудың пайдасы» жөнінде бейнебаян көрсетілді. Білім алушыларға колледждің арнаулы пән оқытушылары Н.Жайықбаев пен Г.Өскелеңовалар кітаптың алға қойған мақсаттарын нақтылауда алар орны туралы, кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан тыйыламыз деген пікірлерін жеткізді. Студенттер кітапты көп оқу арқылы рухани дамуымызға әсер ететінін, адамдар жақсы жаққа өзгеретінін, армандарына қол жету мен күресуге деген құштарлықтарын оятады деп өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
17 қаңтар 2023 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930