» » » Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек

Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек

Өзге болуы да заңдылық. Аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөліміне қарасты Арнұр Көшеней басшылық ететін мәдениет үйі мамандары әрбір мерекелік кешті ерекше өткізуді қолға алған. Оған салаға жас мамандардың келуі сеп. Халық театрының режиссері Мади Маханбетұлы, Фариза Шәкәрова, Айжан Қыдырбек, Төребай Тұрсынбайлардың қатысуымен сәрсенбіде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай мәдениет үйінде лирикалық кеш өтті. Орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған кіре берістегі фойеде «Мемлекеттік тіл – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі бірден көзге түседі. Кітапханашылар қойылған кітап пен журналдың құндылығын келушілер мен көрушілерге түсіндіріп жатты.
Кеште аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев сөз алып, мерекенің маңыздылығына терең тоқталды.
– Тіл – ұлт пен ұлысты біріктіретін ұйытқы. Қармақшы ауданында сан ұлтқа саялы мекен болған ІІІ Интернационал ауылында түрі басқа болғанымен тілегі бір, жүзі басқа болғанмен жүрегі бір 11 ұлттың өкілі тұрады. Олар өзге тілдің бәрін біледі, қазақ тілін құрметтейді. Халқымыздың қадір-қасиетін айғақ­тайтын тілдің мәртебесін көтеру әр азаматтың парызы. Бүгінде әрбір ұлттың өзінің ана тілінде еркін сөйлеуі, салт-дәстүрін сақтауы қазақстандық демократияның айқын көрінісі. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының мәңгілік тіліне, тәуелсіздігіміздің қуатты құралына, елдігіміз бен бірлігіміздің туына, халықтың басын біріктіретін күшіне айналуы тиіс, – деді Е.Қайырбекұлы.
Мемлекеттік маңызды шарада аймағымызда тіл мәртебесін арттырып, тілдерді дамытуға үлес қосып жүрген жанашырларға аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың алғыс хаты мен сыйлығы табысталды. Мұнан соң сахна төріне халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева көтеріліп, барша жерлестерін айтулы мерекемен құттықтады. Жұ­мысы тіл мәртебесін тұғырлы ұстауға бағытталған қоғамдық ұйымға артылған жүк те жеңіл емес. К.Төлегенқызы сол жолда табысты еңбек етіп, белсенді жұмыс істеген, саланың өркендеуіне үлес қосқан бірқатар маманды облыстық «Қазақ тілі» қоғамының құрмет грамотасы, алғыс хатымен марапаттады.
Кеште әуезді әуендер орында­лып, әр ұлттың тілінде өлең оқыл­ды. Абай, Мұқағали, Фаризаның шығар­машылығын жанымен сүйетін, әде­биет­ке құштар жастар әсерлі көрініс арқылы тілдің қадірін, поэзияның парқын, ұлттың құндылығын көрсете алды. Туған тілдің қадірін төрге қойған егемен елдің арманы асқақ болатынына тағы бір мәрте көзімізді жеткізді.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
19 қыркүйек 2019 ж. 1 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930