» » МЕРЕЙ ҮСТЕМ БОЛДЫ

МЕРЕЙ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Мамыр айының 30-жұлдызында Жалағаш ауданында Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі және облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өтті. Қызылорда қаласы мен аудандардан 6 мәдени-үгіт бригада қатысты.
Байқауда әр команда көркемдік деңгейі жоғары, сценарийлік құрылымы бар 15 минуттық бағдарлама ұсынды.
Қатысушылардың өнерін кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сараптап, байқау нәтижесінде бас жүлдені Қармақшы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Өрлеу» мәдени-үгіт бригадасы иеленді. Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаланы насихаттаған жалынды жастардың жеңісі барша жерлестерімізді қуантты. Биыл – жас­тар жылы. Осы орайда жастарға берілген мүмкіндік те мол. Тек өздерін жақсы қырынан көрсетсе, жан-жақты іздену арқылы дамуымызға дәнекер болса еңбек ескерусіз қалмайды. Аудандық мәдениет үйінде қызмет ететіндердің дені жастар екенін тілге тиек еткен жөн.  Халық театрының режиссері Мәди Маханбетұлы, мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Ғалымжан Шәкизада, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Гүлфариза Шакарова сынды талантты өнерпаздар салаға жаңалық пен жаңа леп ала келді. Дәл осы қарқынмен еңбек ете беретін болсақ біз алмайтын қамал мен аспайтын асу жоқ.
Нұркен ӘЛИАСҚАРОВ,
Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы.
05 маусым 2019 ж. 1 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031