» » » Қызылорда да диқандар алғаш рет астықсыз қалуы мүмкін

Қызылорда да диқандар алғаш рет астықсыз қалуы мүмкін

Сырбойылық диқандар астықсыз қалуы мүмкін. Өйткені Сырдың суы азайып, егістік құрғап тұр. Басты себеп су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 73-шешімінде келісілген міндеттердің өз деңгейінде орындалмауы. Келісімге сәйкес, мамыр айында Шардарадан секундына 550 текше метр су төменгі ағысқа тасталуы керек болса, қазір тиісті мөлшердің жартысы ғана келіп тұр. Аймақ егіншілері «мәселе дереу шешімін таппаса, жер сипап қалуымыз әбден мүмкін» деп дабыл қағуда. Әсіресе Жаңақорған мен Қазалы аудандарында жағдай қиын болып тұр.  Жаңақорғандық шаруалар «еңбегі еш кетіп, қамба толмай қалады ма» деп сары уайымға салынып отыр. Жылда 400 гектарға дән себетін Құрбанғали Қадырқұлов егіс көлемін 2 есеге дейін қысқартуға мәжбүр болды. Өзендегі су деңгейі күрт түсіп кеткен он күннен бері шаруа күріштігі жөнді суарылмай тұр.   Құрбанғали Қадырқұлов, шаруа қожалығының бригадирі:  - Енді 10 күн көлемінде су болмай қалса, 150-160 га сусыз қалады. 20 жылдан бері мұндай көрмеген едік біз. Мұндай болған емес. Тарихта бірінші рет мотор қою биыл болып тұр. Жергілікті билік су тапшылығын алдын-ала болжап, шаруаларды ескерткен. Қазірде артық қашыртқы-атыздар жабылып, жаппай су үнемдеу шаралары қолға алынған.   Ғалымжан Сопбеков, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары: - Жаңақорған ауданы бойынша жалпы 9500 га жерге негізгі дақыл күріш егу межеленген. Алайда судың аз болуына байланысты шаруалармен ақылдасып, 7700 га, яғни 1800 га дейін күріш көлемін азайттық. Каналдарды тазалауды шаруалар бастады. Бұрында тазаланған бірақ сәйкесінше суды мүмкіндігінше тиімді пайдалану мәселелерін қарастырып жатырмыз.   Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары: - Біз аман-есен күріш егіп, суға бастырып алдық. Алдымыздағы маусымның 20-нан кейін гербицид саламыз, күріш піскенше суда тұру керек. Сол кезде диқандар қиындық көреді. Осы маусым аяғы, әрі кетсе шілденің ортасына дейін Шардара мен Көксарайдағы суды тауысамыз.   Өткен мамыр айында облыс шамамен миллиард текше метр судан қағылды. Ал маусым айында Шардара су қоймасына секундына нәбері 102 текше\метр тіршілік нәрі құйылып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 есеге аз. Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары: - 15 маусымнан қалдырмай Тоқтағұл мен Қайраққұм су қоймаларынан төмен қарай суды мол ағызу бойынша келіссөздер жүргізілуі тиіс. Тоқтағұлдан біздің облыс шекарасына жіберген су ең кемінде 20 күнде келеді. Сондықтан сырбойылық шаруалар тіршілік нәрімен қамту мәселелерінің жедел әрі жүйелі шешілуінен үмітті.

15 маусым 2018 ж. 1 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031