» » ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАТАҢ СҰРАЛАДЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАТАҢ СҰРАЛАДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, онда бірқатар мәселе қаралды.Көктемгі дала жұмысының қорытындысымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов таныстырды. Айтуынша, биылғы егіс көлемі 177,1 мың гектар жерге межеленген. Өткен күзде шаруашылық құрылымдары 3236 гектарға күздік бидай егуді, 55,8 мың гектарға сүдігер айдауды қамтамасыз етті. Бүгінгі күні ерте егілетін дақылдар толық егіліп, барлық дақыл түрі бойынша межеленген егіс көлемі артығымен орындалды. Техника түгел, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер біртіндеп жеткізіліп жатыр.
Диқандарды мазалаған бір ғана мәселе бар. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суару көлемі 4,2 млрд текше метр болып бекітілді. 6 маусымдағы мәліметке қарағанда «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 126 текше метр су түсіп жатыр. Қоймаға 3,9 млрд текше метр су жиналып, одан төменге секундына 350 текше метр су тасталуда. Ал «Көксарайдан» жіберіліп жатқан су көлемі 300 текше метрге тең.
– Бүгінде осы екеуінде 5 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 304 млн текше метрге кем. Облысқа жоғарыдан барлығы 635 текше метр су түсіп, оның 478,6-сы шаруашылықтардың егістік каналдарына жіберілуде, – деді басқарма басшысы.
Биыл су мөлшерінің жылдағыдан аз болатыны туралы бұған дейін ескертілді. Соған қарамастан, кейбір шаруашылық құрылымдарының суды ретсіз пайдалануы тыйылмай тұр. Оның үстіне, биыл көктем кеш шығып, дала төсіндегі жұмыс та әдеттегіден кеш басталды. Дегенмен, диқандар тәуір нәтижеге жету үшін тынбай еңбектенуде.
Аймақ басшысы Сырдария өзенінде қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда болатынын, су үнемдеу шараларын ерекше қадағалау қажеттігін қаперге салды. Осы орайда сусыз қалу қаупі бар егістіктерді анықтап, оларды сумен қамтамасыз етудің нақты жоспарын әзірлеу маңызды. Талап бойынша ендігі жерде егістік үшін су кестеге сәйкес беріледі.
Мәжілісте қаралған келесі мәселе – балық шаруашылығын дамыту және қорғау шаралары жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Әбдуәлиев айтты. Кіші Арал теңізі мен 200-ден астам көлден былтыр – 8 740, ал осы жылдың 5 айында 1687 тонна балық ауланды. Балық өңдеумен 8 зауыт айналысса, оларда 500-дей адам жұмыс істейді.
– Қазіргі кезде Арал қаласының индустриялдық аймағынан «Аквакультура ЛТД» серіктестігі балық өңдеу зауытын салып жатыр. Ол осы жылдың ІV тоқсанында іске қосылады. Сол кезде қосымша 50-60 адамға жұмыс табылады, – деді басқарма басшысы.
Сыр балығын сыртқы нарыққа шығару ісінде ілгерілеу бар. Биыл су маржаны экспортталатын мемлекеттер қатарына Голландия мен Қытай қосылды. Ал бұған дейін Ресей, Германия, Польша, Украина, Грузия секілді елдер біздің балықтың дәмін татып көрген еді. Дегенмен, өңірде балық аулау заңнамасына пысқырып та қарамайтындардың қарасы азаймай тұр. Жыл басынан бері осындай 239 дерек анықталып, әкімшілік айыппұлдың 88 про­центі өндірілген.
Ереже бұзған­дардан 90-нан астам ау, 759,4 келі балық тәркіленді. Облыстық орман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі ау­мақтық инс­пекциясы басшы­сының мін­детін атқарушы Исатай Әбдіразақов­тың айтуынша, соңғы үш жылдан бері республика көлемінде «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясы өткізіліп келеді.
– Акция барлық аудан мен елді мекенді қамтыды. Биыл облыстан оған 108 техника мен 15 шағын кеме жұмылдырылып, 48,5 тонна түрлі қоқыс пен суда қалған мыңнан астам ау қалдықтары шағырылды, – деді ол.
Инспекция өкілі осы орайда «Көкарал» бөгетіне балық аулау қондырғысын орнату, «Қамыстыбас» питомнигін қай­та жаңғырту туралы ұсыныс көтерді. Облыс әкімі бұл ұсы­ныс­тардың орынды екенін, мәсе­лені шешу мүмкіндіктері қарастырылатынын жеткізді.
Бүгінде облыс аумағында мемлекет қорғауына алынған 517 ескерткіш бар. Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйіне облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова кеңінен тоқталды.
– Барлық ескерткішке қорғау тақталары толық орнатылып, төлқұжаттары жасалды. Оларды теңгерімге алу мәселесі тек Арал ауданында шешімін таппай отыр. Мұндағы 70 ескерткіштің әзірге 6-ы ғана теңгерімге алынған, – деді ол.
Қазіргі кезде 40 ескерткіштің қорғау аймағы белгіленіп, оның 5-і – аудандық, 35-і облыстық бюджет есебінен жүргізілді. Қорғау аймағы белгіленген ескерткіштердің ішінде «Қорқыт ата» ескерткіш кешені мен Сығанақ қалашығы ғана қоршалды. 2013-2017 жылдары облыс көлемінде 16 ескерткіш қайта жаңғыртылды.
Облыс әкімі осы орайда жаз­ғы демалыс кезінде өңірдегі киелі, көрнекті орындар мен ескерт­кіштерге балалардың саяхатын ұйымдастыру туралы құзырлы мекемелерге тапсырма берді.
Сыр елінің туристік әлеуеті жоғары, мүмкіндіктері де бар­шылық. Мысал ретінде әрісі Аралдағы Қамбаш көлі мен берісі Жаңақорғанның әйгілі шипажайын келтірсек те жеткілікті. Ішкі туризмді дамы­ту мәселелерін баяндаған облыс­тық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Бақыт­жан Намаев «Байқоңыр» ойын-сауық және туризм аймағын құруды ұсынды. Өйткені ғарыш айлағы мен жұлдызды қала­шық сырттан келетін қонақтардың қызығушылығына ие. Оның үстіне, отандық 7 тур­оператор 2016 жылдан бастап Қазақстанның туризм тарихында бірінші рет «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды. Бүгінде «Байқоңыр» туризм аймағының құрылысы үшін жер телімі бөлінді. Енді осы бағытта жұмысты бастау қалып тұр.
Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі қай мәселенің де на­зардан тыс қалмайтынын, жауап­кершілік қатаң сұрала­ты­нын атап өтті.
12 маусым 2018 ж. 1 309 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 03:59
Viagra Generico Forum Acquisto Viagra San Marino Cipan Portugal Amoxicillin cout levitra 20mg Finax And Propecia Propecia En Farmacias Costo Priligy Dapoxetina

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031