Құрылтай
» » Алматы облысындағы тау көшкіні 50 млн текше метр аумақты қамтыған

Алматы облысындағы тау көшкіні 50 млн текше метр аумақты қамтыған

Алматы облысы Кеген ауданындағы тау көшкіні қазірдің өзінде 50 млн текше метр аумақты қамтып отыр. «Осыншама ауқымды лай көшкіні бұл өңірде соңғы 1 ғасырда болмаған», – дейді мамандар. Тау бөктерінің опырылуына осы өңірде жиі болатын жер сілкінісі мен толассыз жауған жауын-шашын себеп. Көшкін салдарынан Көлсайға баратын жалғыз жол жабылып, электр желісінің 500 метрі зақымданған. Көшкін екпіні бәсеңдегенімен, сары топырақ сайда ағып жатқан өзенге жақындап қалды. Алайда ауыл тұрғындарның алаңдауына негіз жоқ. Мамандар күндіз-түні жағдайды қатаң қадағалап, 70-ке жуық жол жөндейтін арнайы техниканы әзірлеп қойған. Тоқтар Баймолдаев, «Қазселденқорғау» ММ басшысы: – Саты елді мекеніне ешқандай қауіп жоқ. Өйткені Саты елді мекені биікте орналасқан.

24 сәуір 2018 ж. 2 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31