» » Жапонияда лай көшкіні үш үйді басып қалды

Жапонияда лай көшкіні үш үйді басып қалды

Жапонияда лай көшкіні үш үйді басып қалды
Жапонияда да жағдай оңып тұрған жоқ.
Елдің оңтүстік бөлігінде лай көшкіні жүріп, 3 үйді басып қалды. Салдарынан бір адам қаза тапты. Бесеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу құтқару операциясы басталды. Мәліметтерге қарағанда, табиғи апат Ябакэй ауылындағы курортты аймақта жергілікті уақытпен таңғы үш жарым кезінде болған. Бұл уақытта адамдар шырт ұйқыда жатқан. Сондықтан жоғалған жандар қиранды астында қалып қойды ма деген күдік басым. Әзірге лай көшкініне не себеп болғаны белгісіз. Өйткені таулы аймақта жауын-шашын да, жер сілкінісі де тіркелмеген.
13 сәуір 2018 ж. 1 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

04 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 637

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031