» » МОНОПОЛИСТЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

МОНОПОЛИСТЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


«Нұр Отан» партиясының парла­мент­тік фракциясы жанындағы Өңір­лік саясат және мәслихаттармен жұ­мыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған ел Президентінің биылғы Жолдауы және VI шақырылымдағы Парламенттің III сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау аясында «Астана қаласында тарифтерді белгілеу: проблемалары және шешу жолдары» тақырыбы арқау болды.  
Жиынға «Нұр Отан» фракциясының бас­шылары, Мәжіліс депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің және Астана әкімдігі мен мәслихатының өкілдері қатысты.
Отырыста айтылғандай, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық саласына инвестицияларды тарту бойынша ау­қымды жұмыс 2015 жылдан бастап, та­биғи монополия субъектілерін шекті та­рифтер бойынша қызмет көрсетуге көшіру арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда субъектілердің 95 пайызы немесе бар­лығы 307 табиғи монополист ұзақ­мер­зімді шекті тарифтерге ауысып болды. Енді 15 субъектінің көшуі қалып тұр: Қа­ра­ғанды облысында – 7 субъекті, ШҚО-мен Алматыда – 2 субъектіден, Ас­та­нада, БҚО, ОҚО, Ақмола облы­сын­да – бір-бір субъектіден.
Инвестициялық бағдарламасының болуы – монополистің шекті тарифтерін бе­кітудің міндетті шарты. Оның инвес­тиция­лық бағдарламалары тиісті сала­лық мемлекеттік және жергілікті атқару­шы органдармен бірлесіп бекітіледі. Сол шекті тарифтер шеңберінде табиғи мо­нополиялар салаларында 2015-2021 жылдары 2,2 трлн теңге инвестиция са­лынады деп күтілуде. Оның ішінде тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық са­ласына тартылатыны шамамен 855 млрд теңгені құрайды.
Жылу энергиясы саласында 2021 жыл­ға дейін 500 шақырымнан астам жы­лу желілерін салу, реконструкциялау жә­не жаңғырту жоспарланды. Су шаруа­шылығы жүйелері саласында осын­дай мерзімде 700 шақырымнан ас­там су құбыры мен кәріз желісін салу, ре­конструкциялау және күрделі жөндеу жос­парланып отыр.
Электр энергетикасы саласында ин­вестициялар 1 мың 326 шақырым электр желісі мен 1 мың 194 дана ке­шенді трансформаторлық қосалқы с­танса салу­ға және жаңғыртуға, 24 мың ша­қы­рымнан астам электр желісін ре­конструк­циялауға, 13 мың шақырымнан астам электр тарату желілерін күрделі жө­ндеуге бағытталады.
Сонымен қатар Ұлттық экономика ми­нистрлігі халықаралық сарапшы­лар­ды тарта отырып, одан ары инвестиция­лар тарту мақсатында тариф белгілеу әдіс­терін жетілдіру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.
Астана қаласында сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін «Астана су ар­насы» МКК (мемлекеттік коммунал­дық кәсіпорны) көрсетеді. 2015 жылы «Астана су арнасы» 2016-2020 жылдарға арналған шекті тарифтерді бекітті. Оған сәйкес, бас қалада ауызсудың орташа босату тарифі – 86,79 теңге/текше метр, оның ішінде халық үшін – 41,26 теңге/тек­ше метр, жылу энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша қызмет көр­сететін кәсіпорындар үшін – 130,18 тең­ге/текше метр, бюджеттік ұйымдар үшін – 180,11 теңге/текше метр, заңды тұл­ғалар және өзге тұтынушылар үшін – 180,11 теңге/текше метр.
Бекітілген шекті тарифтер шеңбе­рін­де 6,5 млрд теңге сомасында инвес­тиция­лық бағдарламалардың іс-шара­ларын іске асыру көзделді.
 
Айхан ШӘРІП
27 қаңтар 2018 ж. 1 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031