» » Әлдекімнің әрекеті ұнамаса...

Әлдекімнің әрекеті ұнамаса...

Әлдекімнің әрекеті ұнамаса... (подкаст)
Бала тәрбиесі туралы ілімді зерттеп жүрген маман Ескендір Бестай жүргізген тренингінде әр теорияны қызықты мысалдармен жеткізген еді. Соның бірін сіздерге баяндап берейін.
Бір кісі тыныштықты жақсы көретін, әсіресе балалардың шулағанын ұнатпайтын болады. Қас қылғандай, дәл сол адам тұратын ауланың жанына келіп балалар күн сайын футбол ойнайды. Әлгі адам біраз уақыт ойланып жүреді де, олардың шуынан құтылудың әдісін табады.
Бір күні далаға шығып, балалардың жанына келеді де:
– Балалар, маған сендердің футбол ойнап жүргендегі дыбыстарың өте ұнайды. Осы жерден кетпеңдерші, өтінемін. Күн сайын келіп ойнап тұрыңдар, жарай ма? Мен сол үшін сендерге ақша беремін,– дейді.
Балалар әсіресе ақшаны естігенде қуанып кетіп, барлығы бір ауыздан келіседі.
Бір күн өтеді, әлгі кісі келіп, балаларға 50 теңгеден үлестіріп береді. Екінші күні тағы да... Үшінші күні: «менде қазір ақша болмай тұр» деп 30 теңгеден береді. Төртінші күні балалардың жартысына ақша жетпей қалады, олар наразылығын білдіре бастайды. Бесінші күні келеді де:
– Балалар, ренжімеңдер, енді мен сендерге ақша бере алмаймын,– дейді.
Бұрыннан бері тек осы кісі ақша бергені үшін ойнап жүргендей, балалар да:
– Олай болса, енді біз де бұл жерге келіп ойнамаймыз,– деп, қолдарын сілтеп кетіп қалады.
Осылайша ақыл табу арқылы әлгі кісі дегеніне жетеді.
Бұл әдісті тек балаларға емес, өмірдің көп жағдайында орнымен қолдануға болады.
Кейде осыған ұқсас мынадай жағдай да болып тұрады. Әріптесіңіз не жарыңыз сіздің жұмыстарыңызға көмектесіп, жүреді. Бір күні бір істе көмектесе алмай қалса не дұрыс орындамаса, ашу шақырып, ұрсуымыз да мүмкін. Ал айтатын рақметіміз де жоқ. Негізінен ол сізге жай ғана көмектесіп жүр ғой, тіпті көмектесуге міндетті де емес еді. Арада біршама уақыт өткенде жағдайлар да өзінің мәнін жоғалтады, адамдар да бастапқы ойын ұмытып қалуы мүмкін.
07 сәуір 2018 ж. 1 463 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 547

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 616

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031