Кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды
Кәсіпкерлік: Елбасының саясатын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың және облыстық кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018 жыл облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланды және кәсіпкерлік жылы тағы да екі жыл мерзімге ұзартылды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты.
2018 жылы аудан бойынша қаржы ұйымдары тарапынан барлығы 227 жобаға 774 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылды.
2018 жылы Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасына сәйкес, «Бастау Бизнес» оқу курсын ауданда 220 азамат аяқтап, 176 азамат жобасын қорғады. «Бизнес-Кеңесші» оқу курсына 75 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі күні 156 азамат оқу курсынан өтті. Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының» бақылау кеңесінде құны 123,5 млн. теңге болатын 47 жобаға оң қорытынды алынып, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Сырдария-1» несие серіктестігіне қаржыландыруға құны 57 млн. теңге болатын 19 жобаның құжаты тапсырылды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде, Жол картасына сәйкес, 10 жобаны қаржыландыру жоспарланса, бүгінгі күні аудан бойынша 10 жоба 155,7 млн. теңгеге несиелендірілді. Оның ішінде, жеке кәсіпкер Назарова Аманкүлдің «Ғимаратты қайта қалпына келтіру» жобасы, жеке кәсіпкер Карбаев Шамшадиннің «Құрал-жабдықтар сатып алу» жобасы, жеке кәсіпкер Жұбанова Элмираның «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы, «Мир-2001» ЖШС «Жанар-жағар май бойынша айналым қаражатын толықтыру» жобасы, жеке кәсіпкер Бұқпанова Жанардың «Тойхана құрылысын аяқтау» жобасы, жеке кәсіпкер «АНС-Бауыржан» Алпысбайұлы Бауыржанның «Ғимаратты қайта қалпына келтіру» жобасы, «Мир-2001» ЖШС «Арнайы техника сатып алу» жобасы, жеке кәсіпкер Қазиев Әкімжанның «Қойма құрылысын аяқтау» жобасы, жеке кәсіпкер Тілегенова Маралдың «Сән салонының құрылысы» жобасы және жеке кәсіпкер Зинадинов Күмісбектің «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы бар.
Сонымен қатар, «Халық банк» АҚ-ның Қызылорда филиалынан құны 15 млн. теңге болатын 1 жоба несиелендіріліп, пайыздық үстемесін субсидиялау мақсатында «Даму» қорына құжаттары жинақталуда. Екінші деңгейлі банктердің қарауына қаржыландыру үшін 4 жобаның және лизингтік компанияға техника алу үшін 1 жобаның құжаты ұсынылды:
«Ақтөбе и К» ЖШС-ның «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының іске қосу» жобасы, құны 500 млн. теңге. «Евразиялық банк» АҚ-на ұсынылды;
жеке кәсіпкер Қаршыға Әділеттің «Қыш зауыты» жобасы, құны 15 млн. теңге. Жосалы кенті. «Фортебанк» АҚ-на ұсынылды;
жеке кәсіпкер Шалабаева Қалдыгүлдің «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы, құны 4 млн. теңге. «Халық банк» АҚ Байқоңыр филиалына ұсынылды;
жеке кәсіпкер Жұмалиев Қайраттың «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы, құны 24 млн. теңге. «Евразиялық банк» АҚ-да қаралуда;
«Анк-Даулет» ЖШС-нің лизингке «Арнайы техника алу» жобасы, құны 15 млн. теңге.
Бұдан бөлек, қаржы ұйымдарынан несие алу үшін кепіл мүлкі жоқ 33 жоба иесіне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өз жобаларын жүзеге асыру үшін 23,2 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беріліп, жобаларын жүзеге асыруда. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 22 жоба 62,8 млн. теңгеге несиелендірілді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2018 жылы жалпы құны 448,6 млн. теңге болатын 161 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы құны 197,2 млн. теңге болатын 59 жоба, «Өңірлік инвестиция орталығы» арқылы құны 251,4 млн. теңге болатын 102 жоба несиелендірілді. Ал, «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде «Жаңажол» серіктестігі айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Халық Банкі» АҚ-нан 83,6 млн. теңге несие алды.
2018 жылы аудан бойынша 29 кәсіпкерлік нысан іске қосылды, оның ішінде 14 дүкен, 2 кафе, 4 қойма, 1 наубайхана, 4 көлік жөндеу орталығы, 2 тойхана, 1 сауда орталығы, 1 шаштараз.
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3357 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызға артты. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 2561 бірлік, бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектісінің 76,3 пайызы. Жылдық айналымы 2 млн. теңгеден асқан кәсіпкерлік субъектілердің саны – 500 бірлікті құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің 19,5 пайызын құрады. Дара кәсіпкерлер 2018 жылдың екінші жарты жылдығы бойынша салық есептілігін 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында тапсыратынын ескерсек, жыл қорытындысымен айналымы 2 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлер үлесі артады деп жоспарлануда).
Өнеркәсіп саласында 2018 жылдың 11 айында 3 млрд. 111,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен (2017 ж 11 айы – 2 млрд. 700,7 млн. теңге) салыстырғанда 115,2 пайызды құраса, өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру 107,3 пайызды (2422,5 млн. теңге) құрады.

Пікір 1