» » АҚ ОРАМАЛ – БАҚ ОРАМАЛ

АҚ ОРАМАЛ – БАҚ ОРАМАЛ

Халқымыз бас киімді қалай құрметтесе, орамалды да киелі деп есептеген. Салмағы жеңіл болғанына қарамастан, барлық аруды қорғап жүруге күші жетерліктей екені рас. Жас келін үшін орамал жаңа өмірдің басталғандығының символы. Қыз ұзатылып, келін болып түскенде беті ашылғаннан кейін үлкен енелері басынан сәукелесін шешіп, ақ орамал салады. Оны жас келінге үлкен ененің салатынында да терең мән жатыр. Мұнда ұлтымыздың от-анасы деген ұғымы қылаң береді. Бұрынғы от-анасы, әулетке келген жаңа мүшеге «байрақты» табыстап, аманат етеді дегенді білдіреді. Сондықтан тұтынған, басқа тағылған осы орамалды бөгде адамға сыйға тартуға болмайды.
Нәзік жандардың болмысын толықтырып тұратын орамал еш уақытта аяқастында жатпауы керек. Оны басып кетуден сақ болған жөн. Мысалы, қатты араздасқан адамдар орамалдың киесіне тоқтайтын болған. Алып қашып келген қыз келісім бермей, көнбей жатса жасы үлкен әжелеріміз орамалын шешіп, ортаға тастайтыны осыған дәлел.
Бұрындары орамал деген сезім білдірудің тамаша символы бола білгендігі де белгілі. Қыздар өздерінің ұнатқан жігіттеріне кестелі орамал тарту ету арқылы бір-біріне ықыластарын білдірген. Үлкен кісілер қонаққа келген үй иесіне мата және оның қасына мідетті түрде орамал қосып алып келеді. Осыдан келе «Орамал тон болмайды, жол болады» деген орамды сөз қалыптасқан. Қарап отырсақ, бір ғана орамал ұғымында қаншама сыр, құпия жатыр. «Орамалды құрметтегендер мойнына салады, қадіріне жеткендер оны басына шығарады» деседі халқымыз. Орамал – ана екеніңді, біреудің Құдай қосқан жары екеніңді, ақ-адал ниетпен аттаған шаңырағың бар екенін білдіретін белгі. Басты қасиеті де осында жатса керек. Осы орайда жақында аудандағы «Руханият орталығында» республикалық «Ақ орамал» акциясы өтті. Аудан бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұргүл Нұрлыбекқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, ардақты аналар, ұстаздар мен қоғам белсенділері қатысты.
Акцияның басты мақсаты – бейбітшілік пен бірлікті насихаттау, қазақ халқының татуласу дәстүрін жаңғырту. Іс-шара барысында аналар орамалдың қасиеті жайлы баяндап, ұрпақтар сабақтастығы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ жас келінге орамал тарту дәстүрі көрсетіліп, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара «Анамның ақ жаулығы» әнімен қорытындыланды. Бұл жиын аналардың қоғамдағы рөлі мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Қазақта «Әйел орамал тартпаса арын ұмытады, күйеуінің барын ұмытады, шашы тамаққа түседі, үйіне келген қонақтың назары түседі» деген сөз бар. Міне, талай ақынның жырына, шешендердің нақыл сөзіне арқау болған сол бір дүниенің қадірі қазір қайта артып келеді. Той-жиындарда қазақы қамзолмен әдемі орамал тарту сәнге айналуда. Заман қаншалықты дамып кетсе де осылайша ақ орамалдың қадір-қасиеті жоғалмайтыны анық. Құнынан құндылығы жоғары орамалдың орны айшықталып, бір әулеттің отын сөндірмей ұстап, ұрпақ тәрбиелеп отырған ақ орамалды ибалы келіндеріміз бен ақ жаулықты әжелеріміз көп болғай!
«ҚТ» ақпарат
22 ақпан 2025 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728