Орамал тағып жүрсіз бе?
Бірде қаладан ауылғақарай газельмен кележатқанмын. артқыжаққа жүк тиелгенекен. онда адамдар дааз болған соң жүргізушіменен алдыңғы орынғажайғасуымды сұрады. қарсылық танытқаным жоқ. кешқұрым уақыт болатын. қаланың жарық көшелерімен күрежол бойына қарай бір демде шығып кеттік. сәлден кейін әлгі жүргізуші ағай әңгімесін қырындап бастады. көп жағдайда әңгіменің басы ру сұраудан басталады емес пе?! бұлжолы да дәл солай болды.
– Қай рудың қызы болдың?
– Арғынмын.
– Ә-ә-ә. Бұл жақта неғып адасып жүрсің?
– Өзім Шиелінің тумасымын. Қармақшының Кете еліне тұрмысқа шықтым.
– Е-е-е, солай демейсің бе? Арғын,Қыпшақ деген сол Шиелі, Жаңақорғаннанары қарай кетеді ғой.
Ағайдың өзі кіші жүздің «Әлім» руынан екен. Қазалыда туып-өскенімен, жұмысбарысымен бір кездері Ақай ауылынақоныс аударыпты. Өзінің отбасы туралыәңгімесін айтып болған соң, «Түнгі уақыттажалаңбас жүрме. Түн – тылсым, түн – ауыр.Осы уақытта жын-шайтан еліріп, адамныңашық-шашық жеріне үйір болады» деп ойынбүкпесіз ақтарып салды. Өзім де осы орамалтөңірегінде жазармын деген ойда жүргенедім. Мынау соған дөп тиген дүние болды.
Рас, бүгінде орамал тақпау сәнге айналып барады. Өкінішке орай бүгінде ас үйханшайымдарының басынан орамалды сирек кездестіруге болады. Көпшілік жиылып,Құран оқытқанда басында орамалыныңжоқтығына қипақтап, «салфетка» жауыпжүрген нәзікжандыларды көз көріп жүр.
Аталы сөзден аттамай салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген, қасиеті қанына сіңген қазақ халқының өнегеге толы өмірінің бір бөлшегіне айналған басындағы ақ орамалы. Орамал – қыз баланың бойжетіп, отбасылық өмірге жасалған қадамының көрінісі емес пе?! Қазақта «Әйел орамал тақпаса арын ұмытады, күйеуінің барын ұмытады, шашы тамаққа түседі, үйіне келген қонақтың назары түседі» деген сөз бар. Бұл рас дүние.
Ұлттың арын да, өзін де сақтап қалатын еңәуелі қыздары. Қызымыз текті, тәрбиелі,инабатты болса елді ешқашан жау алмақемес. Дегенмен, осы тектілікті, оның арын,ұлттық белгісін көрсететін қыздың өзі ме? Жоқ, әрине. Қыздың қылығы, жүріс-тұрысы және басындағы орамалы. Ақ жаулықты әжелеріміз, ақ орамал таққан жеңгелеріміз әрдайым қазақтың бетке ұстар айнасы болған. Әрбірден соң орамал – деннің саулығы. Бәлкім күлерсіз, бірақ бастағы орамал денсаулыққа да әсер етеді. Ең бірінші басты сырттан келетін түрлі аурудан сақтайды. Қарапайым ғана мысал келтірейікші, тегінде қазақ жайлауда күн кешкен. Ешқандай техникалық құрылғысы жоқ киіз үйдің ішінде өмір сүрген қазақтың әрбір қызы орамал тартқан. Оның бір себебі далаға түскен найзағай адамға да түсу қаупі болған. Ал, найзағайды өзіне тартатын бірден-бір нәрсесі ол – шаш. Яғни, басқа тартқан орамал сізді жайдың түсуінен осылайша сақтайды.
Қасиетіңнен айналдым «ақ орамал»
Ауыздан-ауызға тараған аңызға сүйенсек, жаугершілік заманда қыз-келіншектер орамалын көтеріп даудың алдын алып, тоқтатқан сәттері болған. Қолына қару алған батырдың бәрі орамалдың алдында дәрменсіз болған еді. Тіпті, орамалсыз әйелге көз жанарын салмай, ақ орамалдан аттамаған. Орамал тазалыққа үйретеді. Келіндер көбіне-көп ас үйде жүреді. Ас әзірлеп, тамақ дайындайды. Ал, жалаңбас жүретін болса, асқа шаш түсіп кетуі әдбен мүмкін. Сол себепті «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп тоқмейілсімей, күнделікті үй жағдайында, ас әзірлегенде, бала емізгенде орамалды тағуы тиіс. Мұнан бөлек, «Орамал тон болмайды,жол болады» деген аталы сөз бар. Ертеректе орамалды сый-сияпат ретінде берген.Алыстан ат терлетіп келген қонақ үйдің отанасына орамал сыйлап жатады. Сыйдыңқайтарымы ретінде үй иесі де кетер кездеорамалды көйлектік пұлмен бірге салыпбереді. Бір қуанарлығы, бұл дәстүр күнібүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Түйін
Бүгінде орамалды күнделікті тағудан бас тартып, тек қана Құдайы тамақ беру сынды жиын үшін тағатындар көбейді. Ақ жаулықты аналарымыз салып кеткен дара жолды жалғаушылардың қатары азайып бара жатқаны қынжылтады. Заман алға қанша көш ілгерілегенімен, бір орамал адам сұлулығына сын келтірмесі анық.
ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:
Базаркүл Сейсенова, көпбалалы ана:
– Орамал – әйелдің көркі. Бастан келетін түрлі аурудың орамал алдын алады. Келіндердің орамал тартудан неліктен бас тартатынын түсінбеймін. Орамалды таққанның өзі үлкендерге деген құрметтің белгісі. Келіннің тәлім-тәрбиесі осы орамал арқылы дариды. Ол мейлі жас болсын, тіпті үлкен әже болсын әйел затының орамал таққаны дұрыс. Өзім бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырғаныма қырық жылдан асты. Келін болып түскеннен бастап, басымнан орамалды тастамай тағып жүремін.
Айнұр Рахметтулаева, жас келін:
– Келін болып түскеніме он жылдан асты. Әлі күнге дейін орамалды басымнан шешкен емеспін. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Үлкен кісілерге сәлем салғанда басыңда орамалыңның болғаны жақсы ғой. Осылайша үлкендердің батасын алып,келіндік міндетімді мінсіз атқарғым келеді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ