» » ҚЫЗЫЛ КІТАПТАҒЫ ҚҰСҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

ҚЫЗЫЛ КІТАПТАҒЫ ҚҰСҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

Жақында телефоныма қоңырау түсті. Онда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері «Қызыл кітапқа» енген құстың қазір қолдарында екенін жеткізді. Мұндай жаңалықтан құр қаламыз ба? Дереу фотоаппаратымызды алып, қойын дәптерімізді құшақтап сол орыннан табылдық. Оқиға былай өрбіген екен.
Кешкі уақытта аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб ЮПт-ның УПИ-ры, полиция аға лейтенанты Ө.Рүстемов, ППт-ның қызмет инс пекторлары, полиция аға лейтенанты М.Боранбаев, полиция аға сержанты Ж.Сүлейменовтермен бірге республикалық «Браконьер» жедел-профилактикалық ісшарасына сай бақылау жүргізеді. Сонда кенттің солтүстік шығыс жақ бетінде «Қызыл кітаптың» 1-санатына енген Дуадақ құсының тәуліктің түнгі уақытында ұшуға дәрменсіз халде жолда тұрғанын байқайды. Құстың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында оны орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аңшылықтанушы маманы Бауыржан Борамбаевқа тапсырады. Олар бұл құстың құнды екенін аяғындағы сақинасынан аңғарыпты. Осы орайда айта кеткен жөн, «Қызыл кітаптағы» әрбір құстың аяғында сақинасы болады. Ол сақинада тіркеу нөмірі де анық көрсетіледі.
Аңшылықтанушы маман Бауыржан құсты өзіне алғаннан кейін оның денесінде жарақат баржоғын нақтыламаққа ветеринар маманға апарады.
Жалпы әрбіріміз азамат ретінде «Қызыл кітаптағы» әрбір дүниеге қамқорлық танытуымыз керек. Бұл құс – Дуадақ. Жойылу қаупі бар санаттағы құстар қатарында. Біздің қолымыздағы түрі – қазақша жиек, жек деп аталады. Дуадақтың бұл түрі өте жылдам жүгіреді. Тек түнгі уақытта қозғалысы бәсеңдейді. Құс қолыма келгеннен кейін бірден маманның кеңесіне жүгіндім. Себебі оның саулығы маңызды. Ветеринар маман біраз тексерістен кейін азықтануының қалыпты, ашық жарақаттың жоқ екенін айтты. Табиғи ортаға жіберуге болатынын нақтылады. Осыдан кейін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге дуадақты қоректендіріп, табиғат аясына жібердік, – дейді Бауыржан Борамбаев.
Жалпы дуадақтар еліміздегі Наурызым, Қорғалжын және Үстірт мемлекеттік табиғи қорықтарында қорғауға алынған. Еліміздегі дуадақтардың санының азаюына заңсыз аулау және олар тіршілік ететін табиғи ортаның тарылуы, әсіресе тың және тыңайған жерлерді бейберекет жырту әсер еткендігі белгілі. Сондықтан да, саны азайып және таралу аймағы тарылғандықтан дуадақ Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» 2010 жылы тіркеліп, қатаң түрде қорғалады. Қазақтар бұл құсты қозыбалақ, тоқтыбалақ, шөл тауығы деп атаған. Негізінде дуадақтар жасағында оның 24 түрі бар. Қазақстанда олардың дуадақ, жиек (жек) дуадақ, безгелдек деген үш түрі тіршілік етеді.
Дуадақтың қанаттарын жай ғандағы шалымы 2,4 метр ге жуық. Жон арқасындағы қауырсындарының түсі қоңырқошқыл. Қанатын жайғанда қауыр сындарының басым бөлігі ақ түсті теңбілді болып келеді. Қанатын жиғанда ақ түстері көрінбейді. Сондықтан қораздарын мекен дерінен дене тұрқысы мен қанаты арқылы бірден айқын ажыратуға болады. Дуадақтың басы, мойны қоңыр, арқасы сарғылт, көлденең жолақты, бауыры ақшыл, қанаты ақ, ұшы қара. Қауырсыны тығыз, түсі торғыл сары, мойны қысқа әрі жуан, қоразының тамағының астында, тұмсығының екі бүйірінде бір топ селдір, қылшықты қауырсындары бар. Басы онша үлкен емес, әрі жалпиып келген. Көздерінің түсі сарғыш қоңырқай. Тұмсықтарының түбі жалпақ әрі жұқа болып келеді. Дуадақтың аяқтары біршама ұзын әрі жақсы жетілген. Денесі салмақты бол ғанымен жақсы ұшады және жылдам жүгіреді. Дуадақ дыбыс шығармай үнсіз жүретін өте сақ құс. «Мал атаулыда марал кербез болса, құс атаулыда дуадақ кербез» деген теңеу сөздер дуадақтың тіршілік әрекетіне тән ерекшеліктерін байқатады.
– Бұл дуадақ құсы дүниежүзі бо йынша жойылып кету алдында тұр. «Қызыл кітапқа» енген құс қазір Қазақстанда ғана қалған. Ендігі жерде барды сақтап қалу – біздің басты міндет. Біз осы міндеттен айнымай дуадақ құсын Жер-Ана төсіне жібердік, – дейді Бауыржан Борамбаев.
Иә, қазір адам баласына ең керекті дүние қамқорлық пен мейірім. Осы орайда міндетіне адалдық танытып, «Қызыл кітаптағы» құсқа қамқорлық танытқан жерлестерімізбен мақ танамыз. Әрбір тұрғын табиғат тамашаларына осылай қамқорлық танытса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
26 қараша 2024 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031