» » Бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті

Бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті

Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Айтпай келген апаттан табиғат та, адам да, мемлекет те қаншама зардап шегері сөзсіз.

Осы орайда аудан көлемінде далалық жерде өрт пайда болған кезде, ерікті өрт сөндіру жасақтарының және мекеме, ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық №10 өрт сөндіру бөлімі, аудандық полиция бөлімі, аудандық жедел жәрдем қызметкерлері және Жаңажол, Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдық округтерінің ерікті өрт жасақшыларының қатысуымен Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойындағы Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің тұқымбағында орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында өрт – тактикалық жаттығу өткізіліп, күштер мен құралдардың әзірлігі тексерілді.

Оқу – жаттығу жиынының мақсаты - мекеменің өрт сөндіруші қызметкерлеріне өртті сөндіру әдістерін үйрету және өрт кезіндегі іс-қимылды жақсарту бойынша практикалық жұмыстар жүргізу.

Жаттығу жиыны барысында «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» бойынша 1-ГАЗ-3308-50 өрт сөндіру автокөлігі, 1-МТЗ-82 тракторы цистернасымен, 1-УАЗ «Хантер» және Нива автокөлігі мен 20 адам өрт сөндіруге арналған құралдарымен және аудандық № 10 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері 1-АЦ-5-40 өрт сөндіру автокөлігі және Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 қызметкер 1 «Ssang Yong Kyron» автокөлігі, күре жолдық апаттар медициналық құтқару қызметі 1 автокөлік 4 қызметкер аудандық ауруханадан 2 автокөлік 8 қызметкер, аудандық полиция бөлімінен 2 автокөлік пен 7 қызметкер, Октябрь су топтық құбыры мекемесі тарапынан 1 автокөлік 1 қызметкер, Жаңажол ауылдық округі тарапынан ерікті өрт жасақшы 10 қызметкер 1 техника, Иіркөл ауылдық округі тарапынан ерікті өрт жасақшы 11 қызметкер 1 автокөлік, Жосалы ауылдық округі тарапынан ерікті өрт жасақшы 10 қызметкер, Қармақшы ауылдық округі тарапынан ерікті өрт жасақшы 12 қызметкер 2 автокөлік қатыстырылды.

«Апат айтып келмейді» демекші, тілсіз жаудан сақтану, оның алдын алып тосқауыл болу – баршамыздың міндетіміз. Өрт қауіпсіздігін сақтап, тілсіз жаудан абай болайық!
15 қыркүйек 2022 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930