» » Дала өртінің алдын алды

Дала өртінің алдын алды

Апта басында ауданға жақын Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойындағы аймақта Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық №10 ӨСБ-нің бірлесуімен дала өртін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Табиғи апаттың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға табиғат жанашырларынан 1 – ГАЗ-3308-50 өрт сөндіру автөкөлігі, 7 өрт сөндіруші, 3 орман шебері, 9 орманшы, 1 – ХТЗ-150 тракторы соқасымен, 1 – УАЗ автокөлігі жұмылдырылса, өрт сөндіру бөлімінен 10 қызметкер, 1 – АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігі және Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 қызметкер қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты күштер мен құралдардың әзірлігін тексеру. Сонымен қатар өрт болған жағдайда күш біріктіріп, ортақ әрекеттің қамын жасау арқылы тілсіз жаудың өршуін ауыздықтау.
Сценарий бойынша, автодәліз бойындағы тұқымбақтың оңтүстік-шығыс жақ бетіндегі 3 гектар жерде қураған қамыс-шөптердің жануы орын алды. Тактикалық жаттығу табиғи апатты жою алгоритміне сәйкес жүргізілді. Шартты өрт аумаққа шарпыған тұста оның кең етекке жа­йылмауы үшін ең әуелі соқалы трактормен жері аударылды. Өртті сөндіруші жасақ жалындаған отқа су шашып күшін басса, орманшылар арнайы құралмен ұшқындаған шоқтарды ұру тәсілімен сөндірді. Осылайша шарпыған өртті әп-сәтте ауыздықтады.
Орманды өрттен қорғайтын мамандардың айтуынша, қызыл жалынның басым бөлігі адами фактордың әсерінен орын алатын көрінеді. Яғни жаз басталса сыртқа демалысқа шығып, жаққан отын толық өшірмеу, болмаса темекі тұқылын тастау секілді жағдайлар үлкен өртке әкелсе керек. Сондықтан мамандар тұрғындарды табиғат аясында жүргенде сақ болуға шақырады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 мамыр 2021 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930