Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №10 өрт сөндіру бөлімі, Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кенттегі "Таңсықбай" базарымен "Адина", "Орда", "Сұлтан" сауда орталығында "Балалардың терезеден құлау қауіп-қатерін алдын алайық", "Су тілсіз жау", " Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтайық" тақырыбында рейд жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында кент тұрғындарына төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп үнпарақтар табысталды.

Аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі
Пікір 3