Дала өртінің алдын алу мақсатында практикалық жаттығу өтті
ЖОСАЛЫ, 24 маусым – qarmaqshy-tany.kz 2020 жылдың 22 маусым күні жоспар бойынша мемлекеттік орман қоры жерінің №8 орманында өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді. Жаттығудың мақсаты мекеменің өрт сөндіруші қызметкерлеріне өртті сөндіру әдістерін үйрету іс-қимылдарын жақсарту бойынша практикалық түрде жүргізілді.
Оған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Е.Назарқұлов және бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Байрахметов, Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Е.Жолдасбаев, аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Е.Қорықбаев қатысты. Жаттығу жиынға №10 өрт сөндіру бөлімінің 6-өрт сөндірушісі және 1-АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігі мен «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман күзету және қорғау жөніндегі орман патологы инженері Б.Санеев, 2-орман шебері, 5-орманшы, 2-аға өрт сөндіруші, 5-өрт сөндіруші, 1-тракторист-машинист, 2-автокөлік жүргізушісі және 1-ГАЗ3308-50 өрт сөндіру автокөлігі, 1-МТЗ-82 тракторы соқасымен, 1-ГАЗ33088 «Садко» автокөлігі, 1-УАЗ «Хантер» автокөлігі және өрт сөндіруге арналған құралдар қамтылды. Биыл аудан көлемінде 1 орман өрті тіркелді. (2019 ж орман, дала өрті тіркелген жоқ).
2020 жылы орман және дала өрттерінің алдын алу, орман заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімі
бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау майоры
Е.Назарқұлов