» » Төтеншеліктердің «есігі» ашық болды

Төтеншеліктердің «есігі» ашық болды

Бір жағдай орын алса тіпті бұғаттауға қарамайтын 112 нөміріне қоңырау шаламыз. Құдай сақтасын дейік. Бірақ өрттің алдын алуда, оны болдырмауда өрт сөндірушілердің  еңбегін бағалаған жөн. Кейде мысық, иттер құдыққа түсіп кетсе де осы Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері көмекке келеді. Ал олардың қызметі қаншалықты қиын? Осы сауал қызықтырған мектеп оқушылары бөлімде өткен ашық есік күнінде жауабын алды.
Наурыз айының алғашқы күні Азаматтық қорғау күні болып күнтізбеде белгіленген. Осы атау­лы датаға орай аудандық Тө­тенше жағдайлар бөлімінің ұйым­дастыруымен №5 өрт сөндіру бөлі­мінде «Ашық есік» күні өтті. Аудан бойынша 7 мектептен 200-ден аса оқушы қатысты. Шараға бөлімнің 4 өрт сөндіру автокөлігі мен құтқару құралдары, «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің  өрт сөндіру автокөлігі, «Жосалы күре жолдық медициналық құтқару бекеті» ММ-нің рэнимобиль автокөлігі жұмылдырылды.
Теледидардан көріп жүрген өрт сөндірушілер шапшаң, әрі салмағы ауыр-ауыр арнайы киім киеді. Бұл да оқушылар үшін қызық сәт болды. Себебі барлығы дерлік мұның қалай жүзеге асатынын көрмеген. Содан не керек өрт сөндірушілер Ток-200 жылу шағылдырғыш костюмі мен  отпен күрес киімін аз уақыт ішінде киіп көрсетті. Уақыт дейміз-ау, кәнігі зуылдап өте шығатын секундта киініп үлгерді. Бұл киімнің ерекшелігі сол – оттан қорғайды. Матасы жалыннан адам денесін 200 градусқа дейін қорғай алады.
– Бүгінде адам өміріне қауіп төнгенде, тек бір ғана құтқару қыз­метінің көмегімен 112 нөміріне хабарласу жеткілікті. Сол кезде білікті маман қажетті құтқару қызметін жолдап, олардың жұмысын қалай орындағанын қадағалап отырады. Төтенше жағдай орын алғанда да сала мамандары санаулы уақытын бос өткізбей көмекке асығады. Кейде тіпті өз басын қатерге тігеді. От – тілсіз жау. Оны сөндіру – қызметкердің азаматтық борышы, – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты  Еламан Жамбылұлы.
Оқушылар экскурсияны қызығу­шылықпен тамашалады. Бұл шара болашақ жас буынның елге пат­риоттық сезімін оятып, осы маман­дық­қа деген құрметін арттырары сөзсіз. Ашық есік күні жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
10 наурыз 2019 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031