Құрылтай
» » Азаматтық қорғаныс күні тарихы

Азаматтық қорғаныс күні тарихы

Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күні Қармақшы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі бірқатар қызықты және танымдық іс-шараларды өткізді. Мектептің оқушылары арасында әскери спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, олардың білімдері мен дағдылары пысықталды.
Қармақшы аудандық білім бөлімінің жеті мектебі яғни, №26, 27, 30, 105, 121, 183 және 250 мектептерінен 200 ге жуық оқушылары кезекті көрмені тамашалады. Көрменің мақсаты – балаларды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен таныстыру, экстремалды жағдайда өзін қалай ұстау тәртібі туралы, бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күні тарихы туралы ақпаратты жеткізу.
Әрі қарай 5 Өрт сөндіру бөлімнің алаңында құтқару бөлімшелердің арнайы техникасының көрсетілімі ұйымдастырылды. Техниканы көру кезінде өрт автокөліктері мен апаттар медицинасы орталығының реаномобилі балалардың ерекше назарын аударды. Танымдық экскурсия барысында 200-ден астам оқушылар жедел-құтқару жасағының құтқару техникалары мен жабдықтарымен танысуға мүмкіндік алды.
Айта кететін болсақ, көрмеге 5 Өрт сөндіру бөлімі 3 техника, 20 қызметкер және Жосалы күре жолдық медициналық пункті 1 техника, 4 қызметкер мен Орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінен 1 техника 5 қызметкер көрмеге ат салысты.

05 наурыз 2019 ж. 2 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 551
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 021

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031