» » Оқу-жаттығуы өткізілді

Оқу-жаттығуы өткізілді

Қармақшы ауданында 2019 жылдың 4 ақпан күні «Қыс және көктем кезеңінде су тасуының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы Жосалы кенті, Ораз ахун көшесінің бойында өткізіліп, азаматтық қорғау қызметтеріне күш-құралдардарын, жанар-жағар май қоры мен инертті материалдарын үнемі дайындыққа ұстау тапсырылды. 

Сонымен қатар, су тасуы кезінде эвакуациялық жинақтау және қабылдау бекеттері жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық қабылдау пунктінің көшірілген халықты қабылдау және орналастыру кезіндегі іс – қимылдары, ұйымдастырылуы, тиісті құжаттары тексерілді.

Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімі әскери жұмылдыру жұмысы тобының аға офицері подполковник Ә.Қуандықов, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Т.Еркебаев және Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен тиісті сала мамандары қатысты.

05 ақпан 2019 ж. 1 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930