» » Дала жиыны пысықталды

Дала жиыны пысықталды

qarmaqshy-tany.kz Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен далалық жерде өрт пайда болған жағдайда, ерікті өрт сөндіру жасақтарының және мекеме ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында оқу-жаттығу өтті.
Дала жиынына «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық №10 өрт сөндіру бөлімі, аудандық полиция бөлімі, аудандық жедел жәрдем қызметкерлері және Иіркөл ауылдық округінің ерікті өрт жасақшылары қатысты. Оқу-жаттығу Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойындағы Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің тұқымбағында пысықталып, өрт сөндіру техникаларының күштік құралдарының әзірлігі тексерілді.

Тактикалық жаттығудың мақсаты – мекеменің өрт сөндіруші қызметкерлеріне өртті сөндіру әдістерін үйрету және өрт кезіндегі іс-қимылды жақсарту бойынша практикалық жұмыстар жүргізу.

Жиын барысында өрт сөндірушілер орман өртінің алдын алды. Жедел-штаб құрылып, өртті сөндіру тактикасы қаралды. Оқиға кезінде зардап шеккендерге жеделжәрдем бөлімшесі медициналық көмек көрсетті. Жедел әрекеттің арқасында өрт ауыздықталып, тапсырма тиянақталды. Тілсіз жауды тоқтатуға барлығы 45 маман, 9 техника жұмылдырылды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 қазан 2023 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031