» » ТӘУЕКЕЛ ТҮБІ – ЖЕЛ ҚАЙЫҚ

ТӘУЕКЕЛ ТҮБІ – ЖЕЛ ҚАЙЫҚ

Кейде адамның ойлағаны бола бере ме дейміз. Бірақ талпынған қашанда өз мақсатына жеткен. Оған дәлел – түрлі ұлт пен ұлыс өкілінің басын біріктірген ІІІ Интернационал ауылдық округінің тұрғыны Банура Юсупова.
Ол сонау жылдары Қарақалпақ елінен туған елін, жерін аңсап келген қандасымыз. Тарихи Отанына оралған қаракөзіміз бүгінгі күні өмірлік серігі Нұрасыл Жәлекеновпен бірге 4 бала тәрбиелеп отырған бақытты жандар.
– Жолдасым ауылдың электригі болып істейді. Көпбалалы ата-анамыз. Үлкеніміз студент, одан кейінгілері мектепте білім алса, кішкентайымыз 2 жастан асты. Мамандығым заңгер болғанымен, ол салада жұмыс істегенім жоқ. Десе де, қол қусырып бос та отырмадым. Шаруашылық қоймасында қол жұмыстарын атқардым. Бір сөзбен айтқанда, еңбек етуден, әрекет қылудан қалыс қалған емеспін, – дейді өзін таныстырған кәсіпкер емен-жарқын кейіпте.
«Дәулетті болғың келсе, кәсіппен айналыс» дегенді ертеден-ақ ата-бабамыз ұрпағына айтып кеткен ғой. Банура да жұмыссыз жүрген ауылдастарының кәсіп бастап, одан нәпақасын айырып жүргендерін сырттай бақылайтын. Өзіне бір күні «кәсіп бастап көрсек, қалай болар екен?» деген ой түсіпті.
– Айналамдағы жұмыссыз адамдардың мемлекеттің қамқорлығы – қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастағандарын көріп менің де қызығушылығым оянды. «Адамның істегенін адам істейді» деуші еді. Ойлана келе ауыл әкімшілігіне тартып отырып, кәсіпкерлік саласы бойынша жауапты маманға жолығып, ақыл-кеңес сұрадым. Олар да менің талабымды қолдап, мақсатыма қанат бітірді. Отбасында жолдасым да идеямды қолдады. Жалпы мен грантқа екі мәрте қатысқанмын. Алғашында дайындығым аз болды ма, сүріндім. Сонда да болса, алған бетімнен қайтпай, құжаттарымды қайтадан тапсырып, екіншісінде жобамды ойдағыдай қорғап шықтым. Комиссияның сұрақтарына жауап бердім. Кәсіптен пайда табу есептілігін, басқа да кіріс, шығыс секілді сандарын сөйлеттім. Жеңімпаз болғанымның арқасында 1 млн 400 мыңның үстінде қаражатқа қол жеткізіп, оған тамызда 37 бас қой-қошқар, ешкі алып, бордақылау жұмыстарын бастап кеттік. Көбінесе еркек мал алдық, себебі олар бордақыға тез көнеді. Орта есеппен 3 айдың көлемінде семіртіп, сатуға шығарсақ па деген жоспарымыз бар. Мал күйлі болу үшін құнарлы азықтандыру қажет. Тартылған бидай, жем-шөбін уақытылы беріп, жағдайын жасаудамыз. Аракідік жоңышқаға қоямыз, – дейді ол қорадағы қоңы жарап қалған қошқарларын нұсқап. Жаңа жыл қарсаңында алғашқыларын сатуға шығаруға ниетті екенін де айтып қалды сөз арасында.
Кәсіпкер айтулы бағдарламаға көпбалалы ана статусымен қатысқан. Сондай-ақ ол бизнес жобасын жазу барысында біраз ізденгенін де жасырмады.
– Иә, бизнес жобаны жасамас бұрын біраз іздендім. Ғаламторды ақтардым. Көптеген мәліметке қанық болдым. Қой шаруашылығы, оның ішінде бордақылауды таңдаған себебіміз – елді мекенде тұрған соң ауылдың ау-жайына лайықты деп осы бизнес түріне көңілім кетті. Ұсақ малды қорада қарайсың. Бабы да аса қиын емес. Жолдасым екеуміз ақылдаса келе, осы кәсіпке тоқталдық.
Сіздердің газеттеріңізді пайдаланып, ауыл әкімшілігі мен оның білікті мамандарына аналық алғысымды айтқым келеді. Құжат жағына көмектесіп, сүйемелдеді. Кәсіби деңгейде жұмыс істеді. Бұл жұмыссыз отырған, әсіресе көпбалалы аналарға мемлекет тұрғысынан көрсетілген үлкен көмек әрі демеу деп санаймын, – дейді Ұлттық бағдарламаның игілігін көруші Б.Раджапқызы.
С.Аққісі
16 қараша 2024 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031