» » Талапты жас табыстан тарылмайды

Талапты жас табыстан тарылмайды

Қазірде кәсіпкер болғысы келетін жас көп. Дей тұра олардың барлығы дерлік табысты бола бермейді. Әуелі нарықты жан-жақты зерттеген абзал. Бүгінде кез келген отбасылық кеш пен туған күндер анимарторсыз өтпейді. Сұранысқа ие осыбір саланы кәсібіне айналдырып жүрген жанның бірі – Гауһар Әбдікәрімова. Ол біршама уақыттан бері түрлі кейіпкердің киімін киіп, көптің көңілін көтеріп жүр. Бұл қызмет түрі кентімізде жоғары сұранысқа ие. Перзентханадағы  бөбегін күтіп алушылар мен туған күн кешінде осындай ерекше кейіпкерлермен қуанту сәнге айналып келеді. Ерекше қимылымен елітетін қонжықтарды көргенде еріксіз жүзіңе күлкі үйіріледі. Кейіпкеріміздің мамандығына деген адалдығы, махаббаты оны асқақ арманына жетелейді.

– Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінде «драма театр әртісі» мамандығында білім алдым. Сол уақытта түрлі іс-шараға аниматор болып баратынмын. Шәкіртақыдан бөлек солай қосымша жұмыс істедік. Жан-жақтылықты жақсы көремін. Студент кезден қалыптасқан осы қасиетім әлі күнге дейін алға жетелеп келеді. Өткен жылы аниматор болып мерекелік кештерге шығып жүрдім. Бірақ костюмдер менікі емес еді. Сол кезде армандар дәптеріме өзімнің жеке аниматорлық костюмдерім болса екен деп жазғанмын. Араға біраз уақыт салып, Аллаға тәуекел еттім де шешім қабылдадым. Киімдерді тапсырысқа заказбен тіктірдім. Қазіргі таңда 7 аниматорлық персанаж бар, – дейді кәсіпкер.«Жас келсе, іске» демекші, ерінбеген адам табыстың көзін табады. Гауһар да бойындағы жастық жалынын жұмысқа, кәсіпке қарай арнағанды жөн көреді. Ол алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай  балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арнап ертеңгіліктерге қойылым дайындау үстінде. Кәсіптік жолда адамға қайтпас қайсарлық керек секілді. Себебі бұл салада тәуекел ете білу маңызды.

– Өте тәуекелшілмін. Басыма бір ой келсе оны іске асырмайынша тыным таппаймын. Егер оңынан шешіліп жатса құба-құп. Болмаған жағдайда өмірлік тәжірибе аламын. «Неге байқап көрмедім?» деген өкініш қалып қоймас үшін қолдан келген бар мүмкіндігімді пайдаланамын. Бір орында тұралап қалу ойымда жоқ. Ең бастысы табыс көзі деп емес, мен шабыттанып,  сүйіп жасайтын іс болу керек. Халықпен жұмыс жасау оңай емес. Мен тек барып суретке түсіп кетіп қалатын аниматорлардың қатарынан емеспін. Тойда қызмет атқаратын асаба мен менің қызметімді салыстырса аниматорлық қызмет қиынырақ. Әр үйдің бір ерке балаларының көңілінен шығуға тырысамыз. Әр балаға жеке көңіл бөлеміз. Балалармен бала болып, көңілдерінен шығуға тырысамыз. Барған жерімізден тек алғыс естіп қайтамыз. Бұл біздің алға қарай белсене жұмыс істеуге септігін тигізеді. Алдағы уақытта осы саланы дамытқым келеді. Біздегі қызмет түрі көп. Алайда халық тек жеңілдік сұрайды. Шындығында, өнер сатылмайды, өнер бағаланады емес пе?!, – дейді кейіпкеріміз.

Қазіргі жастар бизнеске үйір. Әсіресе шағын және орта бизнестен бақ іздейтіндер көп. Әлбетте, бұл жақсылықтың нышаны. Өйткені олар бизнеске үлес қосу арқылы елдің экономикасын демеп отыр. Кәсіп қылған адам қашанда жетістікке, мақсатына жетеді. Оны көзімізбен көріп келеміз. Ебін тауып әрекет етсеңіз, кәсіпті дөңгелетіп әкетуге болады. Бастысы талаптану, соған сай әрекет ету.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
16 желтоқсан 2023 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031