» » Маңызды мамандықтың мақтанышы

Маңызды мамандықтың мақтанышы

qarmaqshy-tany.kz БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДІКІ. БІЛІМДІ, ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ ҚАНА ЕЛІНІҢ МАҚТАНЫШЫ, СҮЙЕНІШІ БОЛА АЛАДЫ. ОСЫНДАЙ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ БІРІ – СӘКЕН СКЕНДІРОВ. ОЛ АУДАНДЫҚ АГРАРЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ 3-КУРС СТУДЕНТІ. ТАЛАПТЫ ЖАС ӨЗІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІМЕН, ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫМЕН БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЕРЕКШЕ КӨЗГЕ ТҮСІП ЖҮР.

Қазіргі таңда қай жерде де бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін білікті маман қажет екендігі айдан анық. Ал білікті маман үздік студенттен құралмақ. Үздік студент тек оқуда ғана озат болып қоймай қоғамдық-мәдени іс-шараларда да белсенді болуымен өз қатарындағы білімгерлерден оқ бойы озық тұрмақ. ХХІ ғасырдың талабы да осындай даралықтармен ерекшеленетін кадрларға басым болатындығы да орынды. Бұл ғасыр жаңашылдық пен белсенділікті, терең білім мен қабілеттілікті талап етеді. Осы талаптың үдесінен шығып, қатарластарынан оза шапқан иіркөлдік жас осыдан 2 жыл бұрын «Электр жабдықтары» мамандығына «Электромонтер» біліктілігі бойынша оқуға түскен.
– Мен өз мамандығымды толық меңгеру үшін барымды саламын. Себебі біз атқарған жұмыстың нәтижесінде көпшіліктің қажетіне жараймыз. Өзім көпбалалы отбасынан шыққанмын. Ата-анам бізді адал еңбекпен жеткізіп келеді. Таза маңдай термен келген табыстың берекелі болатынын санамызға сіңірді. Мен де болашақта көпшіліктен алғыс алар өз ісімнің білікті маманы болуды мақсат етіп отырмын, – дейді Сәкен Скендіров.

Расында да бұл мамандық негізінен әрдайым сұранысқа ие. Қазіргідей техникамыз дамыған заманда, электр қуатына тікелей тәуелді болып барамыз. Электр тоғынан ақау болса, жарық өшеді, ғаламтормен байланыс үзіледі, үйіміз жылусыз, сусыз қалады. Себебі заманауи құрылғымыздың барлығы тоқпен жұмыс істейді. Сондықтан мұндай маман иелері қоғам арасында ұдайы маңызды орында болмақ. Талапты жас та мамандығының жауапты әрі қажетті екенін жете түсінген.
– Жалпы білім алушылардың мамандығына ықыласты болғаны бізді қатты қуантады. Сәкен осындай талапты студенттің бірі. Достарының арасында сыйлы. Өзі алғыр, елгезек, айтылған тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, уақытында орындауға тырысады. 2 рет аймақтық колледжаралық сайыстарда ІІІ орын иеленді. Колледжіміздің атын жақсы жағынан шығарып жүрген мақтанышымыз. Болашақта өз ісінің шебері, мықты маман болатынына сеніміміз мол, – дейді топ шебері Аманкүл Қартаңбаева.

Бүгінде колледж ұжымы барлық істерде жақсы нәтижеге, көпшілікке қолжетімділікке ие болып отыр. Қазіргі заман мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол ізденумен келетін ерен еңбектің нәтижесі. Білікті ұстаздардан ғана шебер маман шықпақ. Ал мамандығын мақтанышына балайтын Сәкеннің алар асулары, бағындырар биіктері де көп болсын.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
19 қараша 2023 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10305)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031