ҮЗДІК ӨНДІРІСТІ ОҚЫТУ ШЕБЕРІ - 2019 БАЙҚАУЫ
Кəсіби мамандар даярлауды мақсат еткен кəсіптік-техникалық колледждердің инженер-педагогтарына қойылар талап та жоғары. Еліміздегі жұмысшы мамандар даярлауда кəсіптік-техникалық колледждердің үлесі үлкен. Бүгінгі таңда білім беру үдерісін ақпараттандыру арқылы оқыту, өндірістік оқыту процесінде коммуникациялық технологиялар мен оқытудың заманауи əдіс-тəсілдерін қолдану өте маңызды. Осы орайда үстіміздегі жылдың 29 - қаңтар күні Қызылорда Облысының Білім Басқармасының Қармақшы Аграрлы-техникалық Колледжінде "Үздік өндірістік өндірістік оқыту шебері-2019" байқауы болып өтті. Дəстүрлі кəсіби байқауда бақ сынасқан өндірістік оқыту шеберлері 5-кезең бойынша сынға түсті. Аталмыш додада колледждің əлеуметтік серіктестіктері болып табылатын мемкеме қызметкерлері төрелік етті. Байқау нəтижесінде 1- орынды "Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Г.Алиева, 2- орынды "Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші электромонтер" мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері А. Қартаңбаева иеленсе, 3 - орынды "Тігін өндірісі жəне киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері " Ұ. Жаңақаева алып, марапат биігінен көрінді. Бүгінгідей нарықтық қатынастар уақытында бəсекеге қабілетті мамандар даярлау кезек күттірмейтін қызмет. Олай болса мықты мемлекеттік басты капиталы білікті мамандар даярлауды мақсат еткен, үздіктер қатарынан көрінген өндірістік оқыту шеберлеріне сəттілік тілейміз....