"КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ" VІІІ- ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ФОРУМЫ
Қызылорда облысының білім басқармасы 2018 жылдың 2-3 қараша күндері М.Ысқанов атындағы политехникалық колледжінің базасында техникалық жəне кəсіптік білім беретін оқу орындарының арасында "Кəсіптік білім жəне бизнес: Əріптестер сұхбаты" атты VІІІ облыстық еңбек форумын өткізді. Форум аясы секциялық жұмыстардан бастау алды. Ең алдымен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Төртінші өнеркəсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауы мен қатар "Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сəйкес ТжКББ ұйымдарында тəрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи ұстанымдары мен білім берудің жаңа сапасын қалыптастыруды жəне осы саладағы жүргізілетін тың реформаларды жүзеге асыру шеңберінде техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін дамыту" тақырыптарында бас қосулар өткізіп, аталмыш форум ережесі бойынша техникалық жəне кəсіптік білім беру орнының əдістемелік-шығармашылық көрмесі,оқу орындарының кəсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын бағдарлы байқау-көрмесі жəне сондай - ақ "Жас өнертарқыш-2018" техникалық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Екі күнге созылған саяси науқанға Қармақшы аграрлы- техникалық колледжінің студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері өздері ойлап тапқан туындылары мен ерекше көзге түсіп, бағдарлы байқау- көрмесі бойынша кəсіптік білім беретін ұйымдар арасында колледж ұжымы ІІ орынға ие болды.
Пікір 1