» » КӘСІБИ БІЛІМ НЕГІЗІНЕН КӘСІБИ МАМАН ШЫҒАДЫ

КӘСІБИ БІЛІМ НЕГІЗІНЕН КӘСІБИ МАМАН ШЫҒАДЫ

КӘСІПТІК БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МҰНДАЙ ИГІ ҚАДАМ «БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ТАПСЫРМА БЕРГЕН БОЛАТЫН. БҰЛ МӘСЕЛЕ ЕЛБАСЫНЫҢ ӘР ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНАН ТЫС ҚАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ.
Аталған жоба азаматтардың қайта білім алуы мен тегін оқу курсынан өтіп, өз кәсібін ашуға жол бастайтын үлкен мүмкіндік. Осы ретте, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі де Елбасының сара саясатын іске асыруда ауқымды жұмыстарды атқаруда. Сөзімнің дәлелі ретінде айта кетейік, 2017-2018 оқу жылынан бастап колледжде «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», сонымен бірге «Ферма шаруашылығы» мамандықтары бойынша мемлекеттік «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында 50 студент қабылданды. Сол студенттер қазіргі уақытта колледждің материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалана отырып, сапалы білім алуда.
Өткен жылы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі мен Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік тапсырысы негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту» бағдарламасы аясында аудан азаматтары Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде қысқа мерзімді «Ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері», «Дәнекерлеу ісі», «Аспазшы», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша білімдерін жетілдірді.
Кәсіптік-техникалық білім беру саласына, яғни колледждерге айрықша маңыз берілу себебі, кәсіпорындардың сұранысына ие жұмысшы мамандықтар бойынша білікті кадрлар дайындалады. Бұл – өмір жолын жаңа бастаған жастардың белгілі бір мамандық иесі атануы үшін игілікті іс атқарылып жатқанының дәлелі. Бір құптарлығы, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру ісі әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүргізілуде. Сөзіміздің тағы бір дәлелі, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Ферма шаруашылығы» мамандығы бойынша «Дуальды оқыту технологиясы» қолға алынған.
Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын одан әрі жалғасыру туралы Елбасының үстіміздегі жылдың қаңтарындағы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да айтылған болатын. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес, табысты жұмыстар атқару – басты міндет. Алдағы уақыттар еншісінде де кәсіби маман даярлау мен бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім» жобасы жалғасын таба беретініне сенімдіміз.
Темір ДӘУЛЕТОВ,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы.
19 ақпан 2018 ж. 1 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031