» » ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен брифингте білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова, мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Үмбетова,  құрылыс комплексі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кәсіп­одағының төрағасы Серік Мырзаханов Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты пікірлерін білдірді.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында білім саласына баса назар аударылған. Онда білім берудің жаңа сапасын, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде озық жүйені жетілдіру қажеттігі, мұғалімдердің мәртебесін арттыру айтылған. Осы орайда кәсіподақ ұйымдары да өз үлестерін қосып келеді.
Сонымен бірге құрылыс және коммуналдық  секторға заманауи технологияларды енгізу бағытында жұмыстар жүйелі жүзгізіліп келеді. Облыста құрылыс қарқыны жыл өткен сайын артуда. Қазіргі таңда облыстық құрылысшылар кәсіподағына мүше 40-тан астам кәсіподақ ұйымы бар. Оған 4500 адам мүше.
Ал, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы  қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының жұмысы да нәтижелі атқарылуда. Облыстық кәсіподақ ұйымы мәдениет және спорт саласының 4400-ге жуық қызметкер мен жұмысшыны өз қатарына біріктіріп отыр. Қазіргі кезде онда 72 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, жұмыс жасауда.
Айта кетерлігі, облыстық кәсіподақта еңбек қатынастарына байланысты туындаған кез келген мәселеге заңгер кеңесі тегін беріледі. Әрбір еңбекші, қызметкер өз құқығы мен міндетін білуі тиісті.
Сара  АДАЙБАЕВА
28 қаңтар 2018 ж. 1 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930