» » БАП ШАПҚАН БӘСЕКЕ

БАП ШАПҚАН БӘСЕКЕ


Жақында Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan – 2018» республикалық IV кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 30 мамандық бойынша колледждер мен ЖОО-дан 350 студент қатысты. Атап айтқанда, студенттер «Кірпіш қалау», «Сырлау және декоративтік жұмыстар», «Кондитерлік іс», «Электроника», «Веб-дизайн және өңдеу», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі», «Дәнекерлеу технологиялары» және басқа да мамандықтар бойынша өзара бақ сынасты.
Чемпионаттың ашылу рәсімінде «Кәсіпқор» басқарма төрағасының орынбасары Әсима Бимендина Елордада өтіп жатқан игі шара көп, алайда бұл шараның орны ерекше екенін, сондай-ақ кәсіби-техникалық білім берудің рөлі жыл сайын артып келе жатқанын атап айтты.
Шара шеңберінде бірнеше байқау ұйымдастырылды. «Сән технологиясы» мамандығы бойынша өткен са­йыста Қармақшы аграрлы-техникалық колледждің ІІІ курс студенті Салтанат Қайранова шеберлігімен көзге түссе, оқу орнының өндірістік оқыту шебері Бибігүл Сәдуова айтулы чемпионатқа бақылаушы ретінде қатысты. Оның қорытындысында ұстаз бен шәкірт еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің сертификатына ие болды.

Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».


27 желтоқсан 2018 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728