» » Белсенді Бибіажар

Белсенді Бибіажар

Әрбір перзент – тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала – жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай талантымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.


Бұл – Бибіажар Асқарқызы. Атына заты сай, білімі мен өнері жарасқан сұлу бүлдіршін. Ол А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 1 сыныбында оқиды. Өзі білімге тәй-тәй басқан алғашқы жылдың ішінде 24 дипломға ие. Шығармашылыққа жаны құмар бүлдіршін сурет салады, қолөнермен де айналысады, оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді. Түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, жүлделі орынды иеленуде. Бастауыш сыныптар арасындағы пән олимпиадасына да қатысып, қатарластарынан басып озған. Мектепішілік іс-шараларда түрлі ұлттың биін билеу де ол үшін қалыпты нәрсе. Бір бойында бірнеше өнері бар білімді Бибіажар «Үздік бастауыш сынып оқушысы» атағын да иеленген. Мектепте озат, белсенді болғандықтан соңғы қоңырауды қағу бақыты да бұйырған. Тілалғыш, жаңаны үйренуге құштар балақай болашақта мұғалім болғысы келеді. «Өз бейіміне қарай қызымды түрлі үйірмеге қатыстыру ойымда бар. Талантын танып, дұрыс бағыт беру – ата-ананың міндеті ғой. Жан-жақты, заманға сай, өнерлі, білімді Бибіажар етіп өсіргім келеді» дейді анасы.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 маусым 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 289

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930