» » Болашақ инста жұлдыз

Болашақ инста жұлдыз

Бүгінгі қарыштап дамыған заман көшіне ілесіп, жаңа технологияны меңгеру үлкен буынға қиындық келтіргенімен, кішкене бүлдіршіндер лезде іліп әкетуде. Оған дәлел – «Айым-Ерке» балабақшасының тәрбиеленушісі Жанель Ғалымбекқызы. Ол отбасындағы екінші перзент. Нәбәрі 5 жастағы бүлдіршін ғаламторды еркін пайдаланып қана қоймай, қазір жас буын арасында сәнге айналған «TikTok» бағдарламасын өте жақсы меңгерген. Ол арқылы түрлі әуенге әзілге толы видео түсіреді. Онда Жанельдің еркелігі, түрлі образды бейнелеуі, өнерге бейімділігі байқалады. Сондай-ақ Жанель балабақшаның мерекелік ертеңгіліктерінде ән айтып, би де билейді. Отбасылық, спорттық сайыстарға да белсенді қатысып, көп алдында қымсынбай өнер көрсетеді. Бос уақытында сурет салғанды, бояғанды ұнатады. Өзінің айтуынша, өскенде дәрігер болғысы келеді. Ал біз оның видеоларына қарап болашақ жұлдызды көргендейміз. Десе де, келешегі кемел, өмірі қуанышқа толы болуына тілекшіміз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
30 мамыр 2020 ж. 1 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930